Дістемелік кешені


Тақырыбы: Ауа алмасуын ылғал көрсеткіші бойынша анықтау Сабақтың мақсаты



бет103/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Тақырыбы: Ауа алмасуын ылғал көрсеткіші бойынша анықтау
Сабақтың мақсаты: ауа ылғалдылығы бойынша ауа алмасу ауқымын анықтау тәсілдерімен танысу.
Мазмұны. Жабық мал қораларының ауасында, улы да әрі сасық иісті заттар көптеп шоғырланады (метан, аммиак, күкіртті сутегі т.с.с.), температурасы көтеріліп, ылғалдылығы артады.
Мұндай ауа дененің жылу алмасуына кері әсерін тигізіп, зат алмасуын, атап айтқанда, азотты заттың алмасуын төмендетеді, бұл малдың денсаулығына, оның өнімділігінің төмендеуіне (сүттілігі, малдың салмағы, құстың жұмыртқалағыш қабілеті, сүттің және жүннің сапасы төмендейді) әкеп соғады. Мал қораларында қажетті ауа режимін қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі, дұрыс есеп пен ауа алмасуының дұрыс жолын табу.
Ауа алмасуының басты қызметі- қорада қалыпты температураны сақтау, ондағы артық ылғалды, зиянды да иісі жағымсыз газ қоспаларынан арылту, ылғалдың қабырғаға және төбеге жиналуына жол бермеу.
Қораны желдетудің 2 түрі болады, табиғи түрі- қоршау жақтауларынан, констукциядағы саңлаулар арқылы және арнаулы ауа алмасу жолдарымен; жасанды түрі- арнаулы қондырғылар жүйесімен қорадағы лас ауаны сыртқа шығарып, ал сырттағы таза ауа мал қорасына енгізіліп отырады.
Іс жүзінде мал қораларын салу кезінде көбінесі ауа алмасудың табиғи түрі қолданылады. Желдеткіш жүйесі қораға таза ауаны енгізетін және қорадан лас ауаны шығаратын әр түрлі құбырлардын тұрады.
Мал қораларындағы ауа алмасу ауқымын екі тәсілмен жүргіліледі, қора ауасындағы СО2 немесе ондағы ылғалдың жиналу мөлшерімен.
Анықтау жолы.
Алдымен қораның көлемін табамыз, бұдан кейін ауаға еден бетінде кейде ылғалдылық қосылатынын ескере отырып, барлық малдың бір сағат ішінде бөліп шығаратын ылғал мөлшерін анықтаймыз.
Ауаға еден бетінен қосылатын ылғал мөлшері мынадай:
Сиыр қорада- 10, шошқа қорада- 20, ат қораларында- 5, құс қораларында- 5.
Ылғалдылығына қарай желдетудің сағаттық көлемі мына формуламен анықталады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет