Z=Q/q1-q2
Мұндағы: Z- желдетудің сағаттық көлемі, м3;
Q- барлық малдан бөлінген ылғал мен еден бетінен қосылатын ылғалдың мөлшері;
q1- атмосфералық ауаның абсолютті ылғалдылығы, г/м3
q2- ауаның ылғалдылығы тиісті мөлшерде (80%) болатын мал қорасындағы ауаның абсолютті ылғалдылығы, г/м3(мұны метеостанцияның көрсеткіші бойынша алады).
Ауаның бір сағаттағы еселік алмасуын табу үшін желдеткіш ауаның сағаттық көлемін қораның көлеміне бөлеміз.
Ауаны сыртқа шығаратын құбырдың жалпы кескіні мынадай формуламен анықталады:
X=Z/V*t
Мұндағы: X- ауаны сыртқа шығаратын құбырдың жалпы ауданы;
Z- желдеткіш ауаның сағаттық көлемі;
V- сыртқа ауа шығаратын құбырдағы ауа жылдамдығы;
t- сағаттағы секунд саны (3600).
Лас ауаны сыртқа шығаратын құбырдың жалпы ауданын бір құбырдың ауданына бөлу арқылы жүргізіледі.
Таза ауамен қамтамасыз ететін құбырдың санын анықтау барлық құбырлардың жалпы ауданын бір құбырдың ауданына бөлу арқылы жүргізіледі.
Ауаның ылғалдылығына қарай мал қорасын желдетудің есебі, жылдың ең суық кезеңіне (қаңтар айы) сәйкес келетін температура мен ылғалдылыққа қарай жүргізіледі. Мысалы, Алматы қаласының сыртқы аймағында ауаның қантар айындағы орташа температурасы 10,8°, ал абсолютті ылғалдылық -2,9 г/м3.
Кесте 1. Ауаға малдан бөлінетін ылғалдықпен қатар еден
бетінен және қоршау жақтауларынан ауаға қосылатын ылғалдықтың проценттік мөлшері
Шарттар
|
Сиыр қоралар, бұзау қоралар, %
|
Мегежін және бордақы шошқа қоралары, %
|
Қанағаттанарлық санитарлық тәртіп сақталған кезде, канализация жүйелері дұрыс істегенде, қиы қоралардан уақытылы тазартылып тұрғанда, торф төсенішін керегінше пайдаланғанда
|
7
|
9
|
Барлық шарттар жоғарыда көрсетілгендей, тек айырмашылығы төсеніш ретінде сабан пайдаланғанда
|
10
|
12
|
Күніне қиды 2-3 рет тазалағанда канализация біркелкі істемегенде (сарқын су ағатын науалар бітеліп қалғанда). Сабан төсеніші жетіспегенде
|
15
|
20
|
Барлық шарттар жоғарыда көрсетілгендей, бірақ сабан төсеніші қолданылмағанда
|
25
|
30
|
Кесте 2. Бір бас малға тиісті ауа шығаратын қорадағы желдеткіштің ауданы, см3
Сиырлар
|
250-300
|
6 айдан асқан төл
|
150
|
6 айға дейінгі төл
|
75-100
|
Мегежін
|
150-175
|
Енесінен ажыратылған торайлар
|
25-40
|
Марқа торайлар
|
46-60
|
Бордақы шошқалары
|
85
|
Қойлар (бойдақ, буаз, енесінен ажыратылған қозы)
|
45
|
Саулық қойлар
|
80
|
Жұмыс аты
|
170-245
|
Құлынды биелер
|
325-375
|
Бақылау сұрақтары.
Желдеткіш қондырғылары ме жылыту жүйелеріне қойылатын негізгі зоогигиеналық талаптар және оларды мал қораларында пайдалану тәртібі.
Ауа алмасу көлемін ылғалдылық бойынша есептеу тәсілі
Малға арналған типтік жүйемен қабылданған желдету жүйесі және олардың зоогигиеналық бағасы
4. Қалыпты микроклимат жасау үшін тиімді ауа алмасуының мәні және қорадағы желдеткіш көлемін шығару тәсілдері
№9-10 Тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |