Дістемелік кешені


Тақырыбы: Мал қораларындағы жылу балансын анықтау Сабақтың мақсаты



бет105/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Тақырыбы: Мал қораларындағы жылу балансын анықтау


Сабақтың мақсаты: Мал қораларындағы жылу балансын есептеу тәсiлдерiн игеру
Керектi құралдар мен жабдықтар: плакаттар, суреттер, схемалар, кестелер, оқулықтар, жұмыс дәптерлерi
Сабақтың мазмұны: жылу балансын есептеп шығару арқылы мал қоралардағы қалыпты температура режимін жасауға байланысты бірқатар мәселелер шешіледі. Оның ішінде қораны жылыту, ылғалсыздандыру, желдетуді реттеу және т.с.с
Жылыту балансын есептеу үшін жылудың кірісі мен шағынын анықтау керек. От жағылмайтын қорадағы жьлудың көзі қорадағы малдардан бөлінетiн жылу болып табылады.
Жылу шығыны дегеніміз - ол қораға кірген сыртқы ауаны жылытуға кеткен, еденнің бетіндегі және басқа да қоршау жақтауларының бетiндегі ылғалдық булануына кеткен жылу. Жылу балансын есептеп шығару мына формуламен есептелінеді:
Qж = t (L х 0,24 + KF) + Wзд;
Мұндағы: Qж - малдан бір сағатта бөлінетін барлық жылу мөлшері, каллория есебімен;
t- қораның ішкі ауа мен сыртқы ауанын температура
көрсетктштерінінң айырмашылығы, градус есебімен;
J- бір сағаттың ішінде қорадан шығарылған немесе оған енген ауа мөлшері, кг есебімен;
0,24- ауаның жылу сыйымдылығы /I кг ауаны 1° /ккал/сағ. жылытуға кеткен жылу мөлшері/;
К - қоршау жақтаулары арқылы жалпы жылу жоғалту коэффициенті ккал/м /саг градус /терезе, есік, қабырғалар, еден, төбе/;
F - қоршау жақтауларының ауданы, м ;
Wзд - еден мен басқа да қоршау жақтауларының үстіңгі бетіндегі ылғалдық булануына шығындалатын жылу мөлшері, ккал/сағат;
Құрылыстарды жобалау кезiнде қораның ішкі ауасының температурасы мемлекеттік стандарт /МС/ талабымен есептелсе, ал сыртқы ауа температурасы үшін ең суық айдағы /қаңтар/ орташа температураның көрсеткішін алады. Пайдалануға берілген қораның жылу балансын тексеру үшін қорадағы және сыртқы ауадағы нақты температураны анықтайды,
Есептеу барысында жылу балансы үш түрлі болуы мүмкiн: болымды/дұрыс/, нөлдік және теріс таңбалы.
Егер жоғалған жылу мөлшері келіп жатқан жылу мөлшерінен жоғары болса, онда жылу тапшылығы анықталып, санитариялық гигиеналық қорытынды жасалынады.
Болымды балансты қамтамасыз ету мақсатымен қораны жылыту және қалыпты температуралық ылғалды режимді сақтау үшін басқа да шара қолдану керек.
Есептеуге арналған мәліметтер. Сиыр қорасындағы ауаның температурасы І2°С, сырттағы ауада - 20°С. Орташа барометрлік қысым сынап бағанасымен 740 мм. Кораның іші үзындығы 71,5 м, ені - 20,5; биіктігі - 4,25 м. Қабырғалары iшiнен сыланған, қалыңдығы - 51 см. Қорада 200 сиыр ұсталатын болса, оның 170-тәулігіне әрқайсысы 10 кг сүт беретіндер және тірідей салмағы орта есеппен 500 кг-нан және 30-ы суалған сиырлар. Қорада 1,8 х І,2 м, 37 терезе, 2,1 х 2,4 м екі қақпа, 3 х 3 м төрт қақпа, және 1,2 х 2,1 өлшемді үш есік.
Желдеткіш ауаның сағаттық көлемi 24500 м /сағ, еденнің бетінен буланатын ылғалдық мөлшері - 5835 л/сағат.
Жылу балансын есептеп шығару тәртібі
1.Малдың беліп шығаратын жалпы жылу мөлшерін анықтау /ккал/сағ.
2.Ішкі және сыртқы ауаның температураларының айырмашылығын (t ) анықтау.
3.Желдеткіш ауаны жылытуға кететін жылуды анықтау, Ол үшін желдеткіш ауаның көлемін салмақ өлшеміне көшіреміз. /I м3 / ауа 0°С температура кезінде және қысымы сынап бағанасымен 760 мм болғанда 1,256 кг салмақ тартады/. I кг ауаны I0 С-қа жылыту үшін 0,24 каллория жылу кетеді,
4. Қоршау жақтаулары арқылы жоғалған жылу шығымын анықтау (KF).
5. Желдеткіш ауаны жылытуға және қоршау жақтаулары арқылы жоғалған жылу мөлшерін сыртқы және ішкі ауа температурасының айырмашылығы тұрғысынан есептеп анықтау.
6. Едендегі ылғалдық булануына жұмсалған жылу шығынын анықтау (Wзд) 1кг судың булануына 0,566 каллория жылу қажет.
7. Бір сағатта кеткен барлық жылу шығынын анықтаймыз.
8. Жылу балансы мен жылу тапшылығын анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет