Дістемелік кешені


Жәндіктерге қарсы алдамыштар дайындау



бет109/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Жәндіктерге қарсы алдамыштар дайындау
1. Шыбындармен күресу үшін жабысқақ қағаздар қолданылады. Дайын жабысқақ қағаздар болмаса, желімді қоспаны қолдан дайындап, қатты қағазға қылқаламмен жағады және қағаздың шетінен 1-2 см таза жер қалдырады. Көлемі 0,5 л болатын темір ыдысқа 90г канифоли салып, сумоншасында немесе электрлі плитаның көмегімен канифолиді ерітеді. Сұйық канифолиді плитадан алып, үстіне 30 мл күнбағыс (зығыр, мақта немес кастор) майын араластыра отырып құяды. Қоспаға 1 шай қасық бал немесе тәтті иісті сироп құйып, жақсылап араластырады және қатты қағаздарға жағады. Дайын болған жабысқақ қағаздарды шыбындар көп жиналатын жерлерге іледі.
2. Дәріханалық кептірілген түймешетеннің гүлдерін фарфор келіде езіп ұнтақтайды. Қатты қағазға ағаш желімін қалыңдап жағып, үстіне түймешетен гүлінің ұнтағын себеді. Желім кепкен соң, қағаздарды есік-терезелердің маңайына іледі.
3. Буынаяқтыларға қарсы сұйық алдамыштар дайындау үшін қыздыруға төзімді ыдысқа 2 ас қасық су, 4 шай қасық глицерин, 1 шай қасық бор қышқылын, 2 шай қасық бал және 3 ас қасық шекер (қант ұнтағы) салып, электрлі плитада толық ерігенше үздіксіз араластырып, қыздырады. Алдамыш бірнеше айға дейін бұзылмайды.
4. Шаңдатуға немесе себуге арналған құрғақ алдамыштар дайындау үшін 60 г бор қышқылын, 20 г шекер және 20 г крахмалды араластырады.


Тәжірибелік сабақ №14
Тақырыбы: Дератизация жүргізу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Кеміргіштерге арналған улы алдамыштарды дайындау және қою әдістерін игеру.
Қолданылатын құралдар мен материалдар: Уланудан сақтайтын жеке қауіпсіздігіне арналған киімдер: респираторлар немесе дәкеді таңғыштар, резеңке қолғаптар, сабын, орамал, жылы су. Улы алдамыштарды дайындауға арналған заттар: эмаль кюветалар, Петри аяқшалары, қалақшалар, қағаз, таразы, улар, дәндә дақылдар, өсімдік майы, қант.
Сабақтың мазмұны. Дератизациялық шараларды жүргізу барысында кеміргіштердің биологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Қазақстанда кеміргіштердің кеңінен тарағаны ол егеуқұйрық екені бәрімізге белгілі. Ал, олардан келіп жатқан қауіпті жағдайлар орасан зор.
Егеуқұйрықтардың негізгі биологиялық ерекшелігі – тез дамып, өсіп-өніп, аз уақыттың ішінде-ақ көбейіп, жан-жақты жайлап ететіндігі.
Сондықтан егеуқұйрықтарға қарсы күрес тиімді тәсілдермен жоспарлы түрде толассыз жүргізіліп отырылуы қажет.
Тиімділігі жағынан кеміргіштерді жою үшін химиялық улы заттар қолдануға негізделген. Химиялық улы заттарды қолданудың да бірнеше тәсілдері бар: жемтіктерді уландыру, сұйықтарды уландыру және кеміргіштердің індерін, жүретін жерлерін тозаңдату. Бұл тәсілдердің әрқайсысы жеке-жеке де, кешенді түрде де қолданылады.
Егеуқұйрықтардың ескерілетін екінші бір биологиялық ерекшелігі – олар сусыз екі-үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды. Сондықтан да олар құрғақ азық-түлік сақталған сусыз қоймаларда уландырылған сұйықтарды (су, сүт, сорпа) өте жақсы ішеді.
Егеуқұйрықтардың тағы да бір көңіл аударатын биологиялық ерекшелігі – жағымсыз тамақты қайта құса алмайтындықтан, қоректенуге өте талғампаздығы. Олар бір жерден ешқашанда тоя қоректенбейді. Сондықтан оларға кумулятивтік қасиеті жәй әсер ететін родентицидтерді қолданған жөн.
Кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрықтар өздері мекен еткен жердегі мал азығын ешқандай алаңсыз да қауіпсіз жей береді.
Сол себепті алдартқыш жасағанда сол жердегі азықтың сапасы жақсыларынан ғана жасауға болады. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, ұн, әр түрлі құрама жемдер, нан қоқымы, тартылған ет және балық, быламықтар, т. б. Алдартқыштар жасау әдістерінің қай түрін пайдалану қандай у қолдану қажеттілігіне байланысты.
Сусымалы жемдер (құрама жем, ұн, т. б.) умен механикалық жолмен араластырылады. Оларды бөліп-бөліп жекелей араластырады. Ең алдымен қажетті жемді өлшеп алып, сосын уды өлшеп сіңіп кеткенше араластырып, еліктіргіш заттар (өсімдік майы, қант, т. б.) қосылады.
Уларды механикалық әдіспен араластыруға мына азық – түлік түрлері пайдаланылады. Мысалы, нан қоқымы, әр түрлі ұнтақталған ет, быламықтар, пісірілген жеміс – жидектер, иленген нан т. б. Ең бастысы у мен жем араласқан соң бірегей қалыпта болуы қажет. Суда ерімейтін уларды астық жемдермен араластырып қолдануға болады. Удың тең араласуы үшін: ең бірінші астыққа өсімдік майын немесе крахмал қосады. Оның мөлшері 1кг астыққа 20г өсімдік майы немесе 2,5г крахмал. Астық түйіршіктері май мен крахмалға толықтай араласқаннан кейін, еліктіргіштерді қосуға болады.
Ал, егер де қолданылатын улар суда жақсы еритін болса, онда астықты жақсылап суға шылап немесе у қосылған суға қайнату керек. Бұл мақсатта жүгері, бидай, пісте дәндерін қолдануға болады. Дайындау үшін, дәндерді 24-36 сағат у қосылған ерітіндіде ұстап, 2 сағаттан аспас уақыт қайнату керек. Пісте дәнінің сыртқы қабығын жаншып бұзған жөн. өйткені, ерітінді дәнге дұрыс сіңбеуі мүмкін.
Удан жасалған ерітіндіге нан қоқымында қосуға болады. Ол үшін жаңа пісірілген нанды ұсақтап кесіп (1см3-ге дейін мөлшерде), арнайы тор жасап, ерітіндіге 2-3 минутқа малып алады да, артық ерітінді аққанға дейін сорғытып, одан кейін барып дератизацияға қолданады.
Сұйық алдартқыштарды қолданудың алдында ғана жасайды, себебі у сұйықтықтың түбіне тұнба ретінде түсіп қалуы мүмкін. Бұл мақсатта сүт, сорпа сияқты сұйықтықтарды қолдануға болады. Ол үшін бұл сұйықтықтарды орнықты, қабырғасы аласа ыдысқа құйып, үстіне уды сеуіп қояды. Судың мөлшері дератизация нәтижесіне әсер етпейді.
Дератизациялық жұмыстарды дайындау барысында сақталуы тиіс ережелер:

  1. Алдартқыш жемді жақсы желдету мүмкіндігі бар арнайы жерде, тіпті өте жақсы желдеткіш жүйелері болатын бөлмелерде жасалғаны дұрыс.

  2. Алдартқыш жем дайындау үшін арнайы ыдыс-аяқ, құрал-сайман пайдаланып, оны соңынан жуып-шайып, белгілі бір жерде бөлек сақтайды.

  3. Жем дайындаушылардың арнайы демалғыш, көзге көзілдірік, қолға қолғап киюлері керек.

  4. Алдамыштарға уларды қосқанда нұсқауларда көрсетілген мөлшерді қатаң сақтау керек.

  5. Дератизация жасағанда алдартқыштар жаңа жасалған және ашымаған болуы қажет.

Улы алдамыштарды дайындау арнайы осы мақсатқа жабдықталған лабораторияларда дайындалуы тиіс. Азықтық негізінің құрамын әртүрлі кеміргіштер түрлерінің азықтану ерекшеліктеріне және нақты нысандардағы азықтық базаның ерекшелігіне байланысты таңдаймыз. Тышқандарға арналған алдамыштарға дәнді дақылдардың майдаланған түрін пайдаланады.


Алдамыштарды кеміргіштердің тіршілігінің іздері байқалған орындарға орналастырады: індерінің айналасына, жүру жолдарына, қабырғаларды бойлай, т.б. Егеуқұйрықтар бар жерлерде олардың санына байланысты алдамыштарды бір-бірінен 3-10 м жерге қойып, әр орынға 100-150 гр алдамыш салады. Үй тышқандары бар жерлерде алдамыштарды бір-бірінен 2-5м сайын қойып, бір орынға 10-20 гр алдамыш салады. Кеміргіштер алдамыштарды жеген сайын, оны соңғы кеміргіштер өліп болғанша, толтыра береді. Алдамыштар желінбеген орындардан оны басқа орынға ауыстырады. Алдамыштарды қалақтармен, қалақшалармен, қасықтармен (бір ас қасығы – 18-20 г. ) салып, қолдарын тигізуге болмайды.
Улы алдамыштарды дайындау:
1,5% зоокумариннің натрий тұзы.Улы алдамышты 1,5% зоокумарин мен сапалы өнімдерді араластыра отырып дайындайды. Мысалы, 0,1% алдамыш дайындау үшін, 1 кг азықтық қоспаға 1,5% зоокумариннен 66,66 гр қосу қажет. Алынған алдамышқа қажетті мөлшерде тағамдық бояуды қосып, мұқият араластырады. Алдамышты егеуқұйрықтарға 50-100гр, тышқандарға 10-25 гр салады. Әсер ету уақыты 7-17 күн.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
1.Дератизация жүргізу тәртібін меңгеру;
2.Механикалық әдістермен егеуқұйрықтарды жою тәсілін меңгеру;
3.Дератизация тәсілдерін меңгеру;
4.Дератизация үшін дайындалатын алдамыштарды жасап үйрену, оларды мал қорада орналастыру тәртәбән меңгеру;
5.Мал қораларда дератизация жүргізу ерекшеліктері.
Бақылау сұрақтары:
1.Егеуқұйрықтардың бар-жоғын қалай анықтайды ?
2. Дератизация әдістерін атаңыз?
3. Дератизация үшін қолданылатын препараттар
5. Қандай механикалық құралдар қолданылады?

15 Тәжірибелік сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет