Дістемелік кешені



бет107/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Тәжірибелік сабақ №12
Тақырыбы: Дезинфекция жүргізу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: 1. Дезинфекциялық қондырғылардың ерекшеліктерімен және олардың жұмыс істеу тәртібімен танысу.
Керекті құралдар мен жабдықтар: ЛОМА «Циклон-4» қондырғысы, ветеринариялық гидропульт және дезинфекциялық аппараттардың плакаттарымен сипаттамалары.
Сабақтың мазмұны: Мал шаруашылық нысандарында, ет және сүт өндіріс орындарында, транспортта ветеринариялық - санитариялық мамандар дезинфекциялық жұмыстарды әр түрлі техникалық қондырғылардың көмегімен жүргізуде. Мал шаруашылық орындарында ДУК, ГА-2, Аист-2 ал, ет немесе сүт өндіріс орындарында ЛСД, УДП, УДС пен ветгидропульт және т.б. қондырғылар кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда зарарсыздандырғыш ерітінділердің аэрозолін алуға арналған әр түрлі техникаларды (ОРД. ЛСД, УДП-М. ДУК-1 .САГ-1. ПЭГА-2. ПАГ-1.МАГ-3, АГЭ-1, Лома-Циклон, ГА-2 және т.б.) пайдаланылады.
Бұл генераторлар өнімді, әмбебап, электр жарығын жұмсауда тиімді, бір фазалы электр көзімен жұмыс істейді. жоғары ақпанда сынбайды және тасымалдағанда дөңгелегі бар арбаның үстіне салып тасымалдауға болады (салмағы 30 кг-нан аспайды). Осы қондырғылардың ішіндегі ең тиімділерінің бірі - аэрозольді рекупациялау жүйесі бар үлгісі. Бұл үлгідегі генераторлар - дезинфектанттарды 20 есе үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. Бұндай генераторларға - «Найтстар» (АҚШ). «Турбофор» (Германия), «Ванжет» (Швеция). «Лома» (Голландия). Осылардың ішінде ТМД елдерінің ауыл шаруашылық саласына кең қолдануға модифицирленген қондырғы Лома «Циклон - 4» үлгісі. Ол электр жүйесінің ауытқуы мен судың кермектілігіне есепке алынып жасалынған, яғни электр жарығы кенеттен өшіп қалса немесе ауытқыса оның тетіктері күймейді; бөлшектеріне судың қағы тұрмайды.
ЛОМА «Циклон - 4» қондырғысы тез қозғалатын ауа ағынында сұйықтықты турбуляциялап майдалайды, аз көлемді, майда аэрозоль түзеді. Қондырғы жүйесі - желдеткіш пен аэродинамикалық түтіктен тұрады және де ауаны белсенді айдауының арқасында аэрозоль біркелкі таралады.
Аэрозольді дезинфекцияда қолданылатын қондырғылар:
АГ-УД-2 аэрозольді генераторы. өсімдіктерді қорғауға арналған ветеринария практикасында тиімсіздігіне қарамастан көп жерде қолданып келеді. Іштен жанатын УД моторы ауа үрлейтін тетігі бар автомобиль немесе трактор тіркесімен жүреді. Ветеринариялық мақсатта АГ-УД-2 генераторы бірінші рет 1965 жылы құс қораларында аэрозольды формалинмен дезинфекциялауда қолданылды.
ТАН ұштамасы 'турбулярная аэрозольная насадка'' - камералы аэрозольді генератор болып табылады. Сұйықтық ұштаманың камерасында ауамен араласып, тозаңдатылады.
ПВАН 'пневматическая вихревая аэрозольная насадка' - пневматикалық құйынды аэрозоль ұштамасын дезинфекция жасауға әрі емдік шаралар мақсатында қолдануға болады. Реттеуші тетігі арқылы бүркілетін аэрозоль тозаңның екпіні мен мөлшерін тиісті шамаға реттеуге болады.
ДАГ дискілі аэрозоль генераторы - ауа ағысының қуатына емес, ортадан тепкіш күштің әсеріне негізделген. Электр моторының күшімен айналатын тоңазтқыш дискілердің бетіде сұйықтық жұқа қабықтай болып дискімен бірге айналады да, ортадан тепкіш күштің әсерімен үлкен жылдамдықпен бүркіледі. Бұл генератордың көмегімен негізінен аэрозольмен вакциналау іске асыралады.
Ылғалды дезинфекцияда қолданылатын қондырғылар:
Камаровтыц дезинфекциялық қондырғысы - ДУК - ГАЗ 51 немесе ГАЗ 52 авто.машинасында орнатылған цистернасы, бастапқы дезинфекциялық ерітінділер даярлайтын орындар, дезинфектанттарды сақтайтын орындар, шлангылар цистернадан шығатын ерітінді қыздыратын пеші бар.
Ветеринариялық дезинфекция машинасы ВЛМ -2/ - УАЗ -469 автомашинасына орнатылған қондырғы, әртүрлі ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыруға лайықталған оның көмегімен қора- жай мен малдың үстіне дезинфекция жасауға және жууға, қора жайды ағартуға, қора мен малға аэрозольдік дезинфекция және дезинсекция жасауға, малдың үстін вакуммен сорып тазалауға болады.
Сондай-ақ, ветеринариялық нысандарда кеңінен қолданылатын қондырғылардың бірі:
Ветеринариялық гидропульт бұл үлкен ет комбинаттарында, мал соятын қасаптарда, сүт зауытында және т.б. жерлерде қолданылатын дезинфекциялағыш қондырғы. Оны еліміздің барлық аймақтарында қолдануға болады. Қондырғының соратын (ұзындығы Зм) және айдағыш (ұзындығы 5м) шлангадан тұрады. Соңғысы брандспойтпен бітеді.
Дезинсекциялық камералар -- оны ет, сүт өндіріс орындарында, темір_жолда, дезинфекциялық бекеттерде, мал шаруашылық кешендерде кең көлемде қолданылады.
Камералардың буллы, ыстық ауалы және газды түрлері болады. Камералар тағы келесідей түрлерге бөлінеді: стационарлы, фундаментте тұрақты орнатылған, қозғалмалы, автокөлікке бекітілген және басқа да көлікте орналастылғандар болып бөлінеді.
Барлық камераларға қойылатын талаптар: дезинфекциялық әсер жоғары болу керек, заттарды бүлдірмеу керек, өндірісте жеңіл және қауіпсіз болуы тиіс. Камералармен жұмыс істеу тәртібі: барлық приборлардың жұмыс істеп тұрғанын тексереміз. Себебі, олардың дұрыс жұмыс істеуі, зарасыздандыру жұмысының нәтижелігіне тікелей байланысты болып келеді. Осыдан кейін камераны қыздырып, алдын-ала кептірілген заттармен толтырылады. Сосын камераға температураны белгілі бір мөлшерге жеткізіп, газ күйіндегі, (газ камераларына) дезинфекциялық ерітінділерді жібереміз.
Заттарды қозғалмалы тартпаға қаппен немесе бәрін бірақ салады. Осы кезде таза бөлменің есігі мен ауа алмастыратын саңлаулар жабылады. Булы камераларда теріден жасалған заттарды немесе тері атмастырғыштардан жасалған заттарды дезинфекциялауға болмайды.
Салып болғаннан кейін лас камераны бөліп тұратын есікті жауып, иілімді түтіктерге буды жібереді. Камера температурасы 40-50°С жеткеннен кейін, иілімді түтік бұрандаларын қатайтып, ашық кран арқылы камераға бу жібереміз. Зарарсыздандыру жұмыстары біткеннен кейін камераны салқындату үшін, камераның ауа кіретін және шығатын саңлауларын ашамыз. Желдету ұзақтығы 5-15 минут. Заттарды камераның таза жағынан шығарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет