Дістемелік кешені



бет19/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Дәрістің тақырыбы: Ауаның физикалық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
Дәрістің мақсаты: Мал қора ауасының параметрлерін анықтау әдістерін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар:
2.1.Ауа ылғалдылығы және оның сипаттамасы.
2.2.Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері.
2.3.Ауа ылғалдылығының мал организміне әсері.
2.4. Мал қораларында жоғары ылғалдылықты төмендету шаралары.
2.5. Күн сәулесінің құрамы, қасиеттері және мал организміне әсері.
2.6. Инфрақызыл сәулелерінің көздері және олардың организмге әсері.
2.7. Ультракүлгін сәулелердің көздері және олардың мал организміне әсері.
2.8. Мал қорасындағы табиғи және жасанды жарықтылық
2.9. Электр және электромагниттік өрістердің мал организміне әсері.


2.1. Ауа ылғалдылығы және оның сипаттамасы.
Ауа ылғалдылығы мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Ылғалдылық деп аауа құрамындағы су буын айтамыз. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады. Ауаудағы ылғал мөлшері температураға, теңіз деңгейінен биіктікке, су қоймаларының жақындығына, өсімдік сипатына және т.б. жағдайларға өзгеріп отырады. ауа ылғалдылығының сипаттамасы ретінде метеорологиялық практикада және гигиена саласында мынадай гигрометриялық көрсеткіштер қолданады: абсолюттік, нақты, максималды және салыстырмалы ылғалдылық, ылғал тапшылығы және шық нүктесі.
Абсолюттік ылғалдылық – 1 м3 ауадағы будың белгілі бір температурадағы мөлшері.
Максималды ылғалдылық – 1 м3 ауаудағы белгілі бір температурада бола алатын будың ең жоғарғы мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылық – абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы, яғни ауаның бумен толығу дәрежесін немесе пайызын сипаттайтын көрсеткіш.
Ылғал тапшылығы – белгілі бір темепартурада максималды және абсолюттік ылғалдылықтар арасындағы айырмашылықты көрсетеді және ауаның буды жұту немесе сіңіру қабілетін көрсетеді. Ылғал тапшылығы артқан сайын булану жылдамдығы мен ауауның құрғату әсері де ұлғаяды. Мал қораларында бұл көрсеткіш 7,2 мг/м3 ең аз көрсеткішке дейін ауиқиды.
Шық нүктесі – ауадағы будың суға айналу температурасы.
2.6.Мал қораларындағы ауа ылғалдылығының көздері.
Мал қора ауасында атмосфераға қарағанда ылғал (бу) көп болады. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10 – 15 пайызын құрайды.
Мал қорасында ылғалдың негізгі бөлігін малдың өзі бөледі: әр сиыр тәулігіне 10кг, ал жылқылар 8 кг-дай, 100 шошқа тәулігіне 2 тоннадай ылғал бөледі. Қора – жай ауасына мал огранизмінен бөлінетін будың (теріден, тыныс жолдарынан шығарылған ауамен және т.б.) пайызы айтарлықтай көп, яғни 60-80 пайыз. Одан басқа ылғал еденнен, қабырға мен төбеден, суарғыштан және канализация жүйесінен бөлінеді. Шошқа қораларының басқа қоралардан айырмашылығы еденнен буланатын бу мөлшері шошқанынң демі арқылы шығаратын буынан 1,5 есе көп болады. Себебі, шошқа қораларының едені үнемі ылғалды болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет