Дістемелік кешені


Ауадағы механикалық қоспалар және олардың организмге әсері



бет26/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114
4.2 Ауадағы механикалық қоспалар және олардың организмге әсері
Ауада әруақытта шаң-тозаңның азды-көпті мөлшері кездеседі. Шаң негізінде жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Көп шаң ауада қатты желде, дауылда, орман өртенгенде, өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорыңдаржұмысының салдарынан пайда болады. Мал қораларьшың ауасындағы шаң жем-шоп тарату, төсеніш төсеу, оны жинау, малдың, әсіресе қүстың орнын ауыстырғанда көптеп жиналады.Олар органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді. Мал және қүс қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5 мг-нан 6 мг аралығынан аспауы керек.
Шаңның мал организміне әсері. Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей эсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскеңде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларымен және микроорганизмдермен қосылып малды -тітіркендіріп қышындырады, қабыңдырады.
Көздің кілегей қабығына түскен шаң конъюнктивит,кератит (көз етінің қабынуы) тудырады.
Оның болшектерінің мелшері 0,2-5 мкм аралығында болса өте қауіпті. Мұндай шаң бөлшектері өкпеге, тіпті альвеолаларына дейін оңай өтіп, тез қонады (60-80 пайыз).
Шаң бөлшектері тыныс жолдарына түсіп, танау, жұтқыншақ, кеңірдектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп жаралайды. Сөйтіп, инфекция қоздырғыштарының енуіне жағдай туғызып, катаралды (қабыну) процестердің жіті және созылмалы түрлері пайда болып, өршуіне мүмкіндік береді.
Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы көп \ болғанда жиі кездеседі.
Шаңның жанама әсеріне келетін болсақ, оның әсерінен ауада ;атмосфераның молдірлігі (түнықтылығы) төмендегендіктен қорада табиғи жарық азаяды. Шанданған атмосферада табиғи ультракүлгін радиацияның қарқындылығы төмендейді.
4.3 Биологиялық және инфекциялық аэрозольдар
Ауа микроорганизмдері. Ауаға микроорганизмдер, кобінесе топырақтан, судан, мал мен адамнан барып тарайды. Олар шаңға араласады (қатгы аэрозольдар) немесе тамшыға қосылады (сұйық аэрозольдар). Мал коралары ауасының микрофлорасы. Мал коралары ауасында сапрофита микроорганизмдердің де, шартты патогенді микроорганизмдердің де, кейде патогенді микроорганизмдердің де жетілуіне жағдай баршылық. Малдың тіршілік ететін ортасында микробтардың саны қарқынды көбеюін микробиозм деп атайды. Мысалы, ауаның температурасы 0°С-тан 10°С дейін көтерілгеңце қора-жай ауасындағы бактериялар құрамы бірнеше (2-3) есе артады.. Көптеген аурулардың, өсіресе тыныс жол ауруларының (респираторлық) қоздырғыштары ауа арқылы, көбінесе оның конвекциялық ағымымен тез тарайды да, қорадағы малға .аса қауіп туғызады. Аурулардың аэрогендік жолмен тарауы(туберкулез және т.б.) мал кеп шогырланған (қүс фабрикалары, онеркәсіп кешендері) жерлерде аса жиі кездеседі.
Сиыр қора-жайларының 1 м3 ауасындағы микроорганизмдер саны 12-100 мыңға дейін, шошқа қораларында 25-150 мыңға дейін, ал қүс қораларында 50-200 мыңға дейінгі аралықта ауытқып отырады.
Олардың қүрамы, көбінесе сол қора-жайдың құрылысын салғанда, жабдықтарын құрғанда, оны пайдалану кезінде санитариялық-гигиеналық талалтардың мүқият сақталғанына, желдету, канализация жұмыстарының сенімділігіне, техно-логиялық тәртіптердің және т.б. сақталуьша байланысты. Бұзау мен торайлардың асқазан-ішек және өкпе, соньщ ішінде тыныс жолы аурулары мен көп факторлы деп аталатын басқа ауруларға шалдығуына шартты патогенді бактериялар мен вирустар себепші болады. Қора-жайлардың ауасында шартты патогенді және патогенді емес микроорганизмдер құрамының артуына жоғары температура мен желдетудің аздығы мүмкіндік жасайды.
Ауаның аэрозолъдармен ластануына қарсы шаралар. Мал қоралары ауасының ластануына қарсы күрес және шаруашылықтар территориясының ауасын қорғауға, ауаны тазартуға, зарарсыздандыруға бағытгалған жалпы шаралар мен жеке шешімдер жатады. Шаралардың бірінші тобына малды күтіп-бағу мен азықтандырудың барлық ветеринариялық-санитариялық жөне зоогигиеналық нормалары мен ережелерін қатаң сақтап, дер кезінде орындау, қолайлы микроклиматтың қалыптастыру жүмыстарын үздіксіз және нақты үйымдастыру.
Шаруашылықтар территорияларының ауа бассейнінің ластану дәрежесін азайту үшін қораңың бүйір қабырғасы жел өтіне қарсы салынады, санитариялық аралықтар соның ішінде елді мекендер арақашықтықтары сақталуы тиіс. Сондай-ақ ауа тасқыны жиналатын орын дүрыс анықталып, жел-деткіш камералары ғимараттың бүйір жағына орналас-тырылады.
Мұндай жағдайда зиянды газдар мен микрофло-ралардың жиналуы қора-жайлар үшін 20 пайыздан аспайды. Осылайша copy желдеткіштерінде, көбінесе, қорганыш күнқа-ғарлар, томен қарай иілген трубалар орнатылады. Сонда лас ауаның таралуы 2-5 есе кемиді. Ауа бассейнінің шаңмен және микробпен ластануын төмендетудің тиімді шараларының бірі - тал ағаштардан айналдыра қорғаныш алабын отырғызу.Кейбір тал-ағаштар мен бұта тектес (бәйтерек, емен, мойыл, самырсын, арша, сирень) микробтарды жоятын қасиеті бар аса ерекше химиялық заттар фитонцидтер түзеді.
65Қора-жайлардан шығарылатын ауаны тазарту және зарарсыздандыру тиімділігі 99,97 пайызға дейін қамтамасыз ететін СП 6/15 маркалы ЛАИК-ке жинақталған КД май сүзгісімен немесе ФПП-15-30 май сүзгімен жүргізіледі.Электр сүзгілер де қолданылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет