Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті - топырақ түйірлерінің беткейі ауадағы су буын, яғни ылғалдылығын тартатын әрі топырақ саңылауларында кептіретін қабілеті бар.
Топырақтың булану қабілеті қаншалықты нашар болса, оның құрамындағы ылғал соншалықты көбірек ұсталады.
Топырақтың ауа өткізгіштігі– топырақтың өз бойынан ауа өтккізу қабілеті.
Топырақтың жылулық қасиеттері. Топырақ негізінде күннен қызады. Бұл процесс топырақтың жылу сыйымдылығына, жылу өткізгішітігіне және радиациялау қабілеттілігіне көп байланысты болады. Қытыкүні топырақ темепратурасы ауа темепартурасынан төмен, ал жазда керісінше болады. Топырақ темепартурасының өте үлкен гигиеналық маңызы бар – ол жергілікті жердің климатына, ал жергілікті климат микроклиматқа әсер етеді. Сонымен қатар топырақ температурасы сол топырақта жүретін физико-химиялық процестердің барлығына әсер етеді. Сондай – ақ топырақ температурасына қарап суы қатып қалмас үшін канализация мен су құбырларн салу тереңдігі анықталады.
Топырақтың химиялық қасиеттері.
Топырақ минералды және органико-минералдық заттардан тұрады. Минералдық заттардың көзі – жер қабатының қатты қабығын құрайтын тау жыныстары. Минералдық бөлік топырақтың 80-90 пайызын құрайды, ал органикалық заттар топырақта 10 пайыздан кем болады. Топырақтың құрамында барлық белгілі элементтер анықталған. Литосферамен салыстырғанда топырақта көмірсутегі 20 есе, ал азот 10 есе артық. Топырақтың химиялық қосылыстарының ішінде үлесі жағынан ең көбін кремний тотығы, оданкейін алюминий, темір, калий, натрий тотықтары иеленеді. Карбонатты топырақтарда кальций мен магний тотықтары, ал сор топырақтарда хлорлы калий және хлорлы натрий тотықтары көп. Топырақта микро- және макроэлементтердің биологиялық айналымы басталады және аяқталады.
Топырақтың биологиялық қасиеттері.
Топырақтың негізгі биологиялық құрамына микробтар, құрттар және тағы да басқа микроорганизмдер жатады. Тпырақтағы микроорганизмдер саны 7 см қалыңдықтан бастап күрт өседі, 10 см терңдікте барынша көбейді. Одан әрі тереңдеген сайын азая береді. Мәселен, 25 см тереңдіктегі бактериялар саны 1-2 см тереңдікке қарағанда 10-20 есе аз болады.
Топырақ микрофлорасы бактериялардың көптеген түрлерінен тұрады. Солардың ішінде спириллдер, актиномицеттер 20-30 паййызға дейін кездеседі. Саңырауқұлақтар микрофлорасы да біршама. Ал, қарапайымдылар көбінесе органикалық заттарға бай учаскелер топырағының беткі қабатынан табылады. Балдырлар да көптеп кездеседі.