Дістемелік кешені


Мал қора ауасының көрсеткіштерін санитариялық – гигиеналық тұрғыдан бақылау және анықтау ережелері



бет27/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114
4.4 Мал қора ауасының көрсеткіштерін санитариялық – гигиеналық тұрғыдан бақылау және анықтау ережелері
Мал қора жайының ауа ортасы өзінің физикалық қасиеті мен құрамы жағынан үнемі бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар онда малды ұстау әдісіне байлансыты ауаның физикалық қасиеті және оның газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп отырыады. Қора ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтауүшін оның объективтік көрсеткіштері бойынша бағалайды. Ауа ортасын бағалау үшін негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, ауа құрамындағы зиянды газдар концентрациясы, қора жайының табиғи жарықтануы
Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты. Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының организмге жекелей немесе үшеуі бірлескен түрде әсер етуіне байланысты мал жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты шешіледі. Осы фактордың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақатлуы үшін қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі фактордың есебінен алынады. Қорадағы ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отырған жөн. Ол үшін ең тиімді құрал – жылжымалы микроклимат зертханасын пайдаланған жөн.
4.5 Атмосфералық ауаны қорғау
Ауа ортасының санациясы. Мал қора және фермалар мен мал шаруашылығы территориясы ауа бассейнінің санациясы ауаны дезодарациялауға, зарасыздандыруға және тазалауға бағытталған жеке және жалпы шаралардан тұрады. Бірінші топқа малды ұстағанда және азықтандырғанда барлық ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық ережелер мен нормаларды қатаң түрде орында және сақтау жатады, ал екінші топқа фильтрация, иондау, озондау жатады.
Ферма территориясы ауа бассейнінің және мал қора ауасының ластану деңгейін азайту мақсатында мал қоралары мен басқа да нысаналарды жел өтін ескере отырып орналастыру қажет. Лас ауаны аэродинамикалық көлеңке жасау мақсатында жоғары қарай атқылап жіберу керек..
Желдетуді жобалау кезінде ауаның рециркуляциясын, таза ауа ендіретін құбырларда лас ауаның тұрап қалуын ескеру қажет. өзекті лас ауа шығару желдету жүйесіне қоғаныс козыректарын, лас ауаның мөлшерін 2-5 есе азайтатын төмен қарай иілген құбырлар орнатады Ауа бассейнінің микроб және шаңмен ластану деңгейін азайту шараларының бірі – жасыл желек егу. Қора-жайлардан шығарылатын ауаны тазарту және зарарсыздандыру тиімділігі 99,97 пайызға дейін қамтамасыз ететін СП 6/15 маркалы ЛАИК-ке жинақталған КД май сүзгісімен немесе ФПП-15-30 май сүзгімен жүргізіледі.Электр сүзгілер де қолданылады
Жабық қоралардағы ауа денатурацияның салдарынан атмосфералық ауадан өзгеше болады. Жасанды желдету кезінде иондар ауа құбырларында бейтараптанады, сол жерде фитонцидтер мен озон да ыдырайды. Осы заттар азаюынан денатурация пайда болады, ауа тазалығының индексі күрт төмендеп кетеді. Табиғи лас емес ауа үшін тазалық индексі 8-10 балл болуы керек. Жасанды желдету және тазаламен қамтамасыз етілген қораларда ауаның тазалық индексі 0-ге дейін түсіп ектуі мүмкін. Ауаның тазалық индексін өте маңызды зоогигиеналық көрсеткіш ретінде пайдаланған жөн.
Ауаның тазалық индексін жоғарылатудың тәсілдеріне ауа ортасын өңдеудің электрофизикалық әдістері – электрофильтрация, электротұндыру, ультракүлгін сәуленену жатады.
Электроиондау және электроозондау - ауаның тазалық индексін жоғарылатудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.

5 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет