Дістемелік кешені


- сурет Ауа қысымын өлшеу құралдары



бет96/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

2- сурет Ауа қысымын өлшеу құралдары: А-барограф, Б-барометр анероид

1- кесте. Теңіз деңгейінің биіктігіне қарай ауа қысымының өзгеруi





Теңіз деңгейінің биіктігі, м

Қысым /мм/ с.б

0

760

850

695

1000

670,4

2000

591

3000

521,7

4000

460,3

5000

406

6000

358,2

7000

316

8000

278,8

9000

275,9

10000

216,9

12000

168,8

2 Тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Мал қорасындағы табиғи жарықтылықты анықтау

Сабақтың мақсаты: 1.Студенттерге мал және құс қораларындағы жарықтылықтың маңызын түсіндіру. 2.Жарықтылықты анықтау әдістерін меңгеру. 3.Осы мақсатқа қолданылатын құралдардың жұмыс істеу принципін және құрылысын таныстыру.


Керекті құралдар мен жабдықтар: люксметрлер, кестелер, схемалар.

Сабақтың мазмұны: Сыртқы ортадағы биологиялық әсері жоғары маңызды факторлардың бірі күн радиациясы болып табылады. Жарық деп - көру сезімін тудырып, қоршаған ортаны көру және кеңістікте қозғалуға мүмкіндік беретін толқын ұзындығы 380-нен 760 нанометрге дейінгі көзге көрінетін сәулелерді айтамыз. Күн сәулесі жер беті мен атмосфераны сәулелі энергиямен қаматамсыз ететін бірден бір энергия көзі. Жер бетіне және суға сіңу арқылы күн сәулесі жылу энергиясына, ал өсімдіктерде - органикалық қосылыстарың химиялық энергиясына айналады.
Күн спектрі мынандай сәулелерге бөлінеді: инфрақызыл (көзге көрінбейтін жылулық) ұзындығы 760-тан 3400 нм дейін; жарықтық (көзге көрінетін) – 400-ден 760 нм-дейін; ультракүлгін (көзге көрінбейтін) – 5-тен 400 нм-ге дейін (толқын ұзындығы 280 нм қысқа сәуелер атмосфераның жоғарғы қабатына сіңеді). Сәулелер ағзаға әртүрлі тереңдікте енеді: инфрақызыл және қызыл – бірнеше сантиметрге, жарық сәулесі – бірнеше миллиметрге, ал ультракүлгін – тек 0,7- 0,9 мм дейін.
Жарқытың негізгі өлшем бірліктері мен шамалары.
Жарық ағыны – көзге жарық түрінде қабылданатын сәулелі энергия ағынының бөлігі. Жарық ағынынының өлшем бірлігі люмен (лм).
Мысалы: 100 Вт қыздыру лампасы 1350 лм жарық ағынын шығарады, ал люминесцентті лампа ЛБ40 – 3200 лм.
Жарық күші - белгілі бір бағытта көрінетін сәуле көзінің жарқырауын сипаттайтын жарық шамаларының бірі. Ол — жарық көзінен элементар денелік бұрыштың ішімен тарайтын жарық ағынының сол денелік бұрышқа қатынасына тең. Жарық күшінің өлшем бірлігі кандела (кд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет