Дістемелік кешені


Керектi құралдар мен жабдықтар



бет92/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Керектi құралдар мен жабдықтар: аптека таразысы, иелі, тамызғыштар, бюреткалар, 250 мл колба, шыны таяқшалар, 1 проценттік фенолфталеин ертіндісі, 1,1н. КОН немесе NaOH
Дәндегі гранозанды анықтау. Өсімдік шаруашылығында әртүрлі дақылдардың тұқымын өсімдік ауруларының қоздырғыштарының бүлдіруінен сақтап қалу үшін сынапты препараттар /гранозан, формалин, меркуран, тағы басқаларын/ кеңінен қолданады. Формалинді, гранозанды және басқаларын пайдадану барысында сақтық жөніндегі нұсқауларды орындамаған жағдайда мал мен құс мұндай дәңді жеп улануы мүмкін.
Анықтау жолы: 1 Зерттеу үшін фарфор ыдысқа 25 грамм дән салады, оған тұз қышқылының 18 % ертіндісін құяды. Бұдан кейін алдын ала наждак қағазбен тазаланған мыс пластинканың немесе сым темірді шыны ілгішпен қоспаға түсіреді де спиртовкада 30 минут бойына қайнатады. Сынап болған жағдайда пластинканың бетінде күміс түстес дақтар пайда болады.
2. Колбаға зертелетін 10 г дәнді салып, 20 мл дистильді су құяды да 10 минуттан кейін оны араластырып сүзгіден өткізеді. Натрии гипосульфат ертіндісі сіңген сүзгіш қағаздың жолақтарына сыналатын ертіндінің тамшыларын тамызады. Егер де катион бар болса сары дақтар пайда болады.
Керектi құралдар мен жабдықтар: сыйымдылығы 10 мл колба, құйғыш, сүзгіш қағаз шыны ілгіш, мыс пластинка, наждакты қағаз, электрлі плитка немесе спиртті шам, тұз қышқылының 10 проценттік ертіндісі дистильді су.
Дәндегі формалинді анықтау
Анықтау жолы: Колбаға зерттелетін 10 гр дән салып, 20 мл дистильді су құяды. Тұнба алу үшін қоспаны үй температурасында 3-4 сағат қояды да соңынан сүзеді. Зерттеу үшін пробиркаға 1 мл сүзінді құйып, 1 мл жаңадан дайындалған пептонның 1 проценттік ертіндісін және бромды калий түйіршіктерін қосады.
Бромды калий еріп болғанша пробирканы сілкілегеннен кейін оған күшті күкірт қышқылының қоспасын қосады. Егерде сүйықтық қышқыл араларында сарғыш күлгін түсті шеңбер пайда болса формалиннің бар болғаны.
2. Пробиркадағы I мл сүзіндіге I мл 2 проценттік резорцин ерітіндісін қосады. Қ0оспаны жақсылап шайқап, сақтықпен Імл концентрацияланған күкірт қышқылын төменгі қабаттан қосады. Формалин бар болса сүйықтықпен қышқыл аралығында солғын қызыл бояу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет