Дістемелік кешені


Лекция 11. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны



бет33/76
Дата08.11.2022
өлшемі404,93 Kb.
#48438
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
pedagogika

Лекция 11. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны.
11.1.Тәрбие-тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі.
11.2.Тәрбие мазмұны ұғымы, оның қоғамдық сана мен құндылық ұстанымға тәуелділігі.
11.3. Тәрбиенің мақсат, міндеттері және оның түрлеріне сипаттама.
1.Тәрбие процессі - пед.процестің бір бөлігі. Тәрбие де , оқыту да жеке тұлғаны дамытады. Даму – философиялық категория.
Тәрбие – диалектикалық процесс, ал, диалектика дегеніміз-(гр. –пікірлесіп отырамын, талқылап отырамын) – табиғаттың, қоғамның және ой-сана дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. (Пікірден ой туады, пікір қарама-қайшылықсыз болмайды). Сонда қарама-қайшылықтар педагогиалық процестің қозғаушы күші болып саналады. Қ-Қ ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Қ а й ш ы л ы қ – қандай да болсын дамудың, қозғалыстың ішкі көзін көрсететін категория.
1.Жеке тұлға қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қ-қ. Осындай келіспеушілік адамды алға жетелейді, ұмтылдырады- ол өзінің білімін, тәрбиесін, мінез-құлқын, тәжірибесін өзгертеді. Осы кезде педагогтың қосары мол. Ол жеке тұлғаның қажеттіліктерін, өмір мақсатын, жоспарын білу қажет.
2. Қоғамның даму дейгейі өрбуіне, өсуіне байланысты баланың ой-өрісі де соған сәйкес болу керек. Мыс. шығармашылық қабілеті.
3.Мұғалімнің талаптары мен оқушының ішкі ұмтылыстары – қызығушылықтары, талап-тілектері ескерілмей қалады.
4. Жастардың әлеуметтік портреті – қоршаған ортаға байланысты
1.Тәрбие процесі – көп факторлы процесс. Оқушылардың санасы мен сезімдерінің дамуына әдебиет пен өнер, радио мен теледидар,кино мен театр айтарлықтай әсер етеді.
2. Тәрбие процесі – ұзақ және үздіксіз екендігінде. ХҮІІІ ғасырдың француз материалисі Гельвеций – «бүкіл өмірдің өзі – бір ұзақ тәрбие ғана».
3. Оның сатылы сипатта болатындығы.
4. Тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. (лат. сөзі – шоғырлау, жию, топтау). Жеке адамның бір қасиетінің өзіне бірнеше оралып соғуына тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен тек қайталау емес, ол жас шамалық ерекшеліктеріне және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі дамыту және тереңдету бағытындағы қайталау.
5. Тәрбие беру процесінің екі жақты және белсенді процесс екендігінде. Тәрбиені тек педагогтың ықпал жасауымен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ойымен қатар жүруі, өзін -өзі тәрбиелеумен толықтырылуы тиіс. Белсенділік – оқушыларды қандай да болмасын іс-әрекетке қатыстыру қажет.Тәрбиеленуші – тәрбие объектісі ғана емес, субъектісі де.
6. Оның нәтижелерінің сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы. Олар оқу жұмысындағыдай өзін көзге тез түсірмейді. Сондықтан тәрбие нәтижелерін тексеру мен бағалау оқудағыдан көп күрделірек. Оқу жұмысында сұрауға, диктант шығарма жаздыруға, бақылау сұрақтарды ұсынуға болады. Ал тәрбиеде қысқа мерзім ішінде қандай мінез-құлыққа ие болғанын анықтау қиын. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын әр түрлі жағдайларда, әр түрлі ситуацияларда бақылау қажет. Мұның өзі тәрбие- динамикалық, диалектикалық және үздіксіз екенін білдіреді. Тәрбие берудің аяқталғанын және анықтау қиын. Жеке адамның кез-келегн қаситеі шексіз дамып, жетіле беруі мүмкін.
7.Кешенді процесс.
8. Болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Қоғамның дамуының негізгі тенденцияларын көре білу керек.
2..Тәрбие мазмұны қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылардың меңгерген білімдері мен дағдылары, қасиеттері және белгілері, тұрақты мінез-кұлықтық әдеттері жүйесімен анықталады. Сондықтан тәрбие мазмұны қоғамдық тәжірибе, кұндылықтар, нормалар, идеялар, қабілеттіліктер, білік, дағдылар, мінез-құлықтық әдеттерді негіздейтін ғылыми фактілерден, ұғымдардан, қоғам, адам, табиғат жайлы теориялардан, яғни білімдерден тұрады. Қазіргі кездегі тәрбие мазмұнын анықтауға әсер ететін бірқатар идеялар бар. Олар: 1) тәрбие мақсатының нақтылығы; 2) балалар мен ересектердің біріккен іс-әрекеті; 3) өзін-өзі анықтау; 4) тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы; 5) еріктілігі; 6) ұжымдық бағыттылығы. Жақсы ұйымдастырылган тәрбие адамды өмірде — азамат, жұмысшы, отбасы иесі ретіндегі үш басты рөлді орындауға дайындауы қажет. Тәрбие осы релдерге қатысты тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен және міндеттерді атқаруға дайындаумен тікелей байланысты.
Тәрбие үдерісінің бағыттары мен тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырудың байланысы. Тәрбие үдерісін жүзеге асыруда «мақсат», «міндет», «мұрат» («идеал») ұғымдарының мәнін түсінудің рөлі ерекше. Адамзат қоғамы үшін мұратты мақсат «жан-жақты дамыған тәлғаны тәрбиелеу» оның жекелеген бағыттарын анықтайтын міндеттерді тұжырымдауды қажет етеді. Бұл міндеттерді тәрбиенің құрамды бөліктері немесе тәрбиенің бағыттары ретінде қарастыруға болады, яғни тәрбиенің міндеттері тәрбиенің мазмұнын анықтайды.
Тәрбиенің басты мақсаты — жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін оған ақыл-ой, дене, еңбек, құлықтық, эстетикалық тәрбие берілуі деп тұжырымдалады. Өзгерген тұжырымдамалар тәрбие мазмұнына да өзгерістер енгізуде. Қазіргі кезде тәрбие мақсатын тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастырумен байланыстыра қарайды. Базалық мәдениет өмірлік өзін-өзі анықтау, отбасылық қатынас, экономикалық және еңбек мәдениетін, қарым-катынас, экологиялық, көркем, денелік мәдениетті меңгеруді қамтиды. Өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті — адамның езін өз өмірінің субъектісі ретінде сезінуі, шешім қабылдау білігі және өз әрекеттеріне жауап бере білуі, өзін-өзі тәрбиелей білуі. Оқушының базалық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы мектептегі тәрбие үдерісінің мазмұнымен сәйкес келеді. Мұны түсіну үшін тәрбие мазмұны мен базалық мәдениеттің құрамды бөліктерін салыстыра қарастыру жеткілікті. Тәрбие үдерісінде тәрбиенің негізгі бағыттарын дамудағы жаңа тенденцияларды ескере отырып ұйымдастыру тиімді.
3.Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.
Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.
Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттері қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі - тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет