Орындаған: Анесова Адеми 7М01503-Информатика “Менің атым Қожа”



Дата30.03.2023
өлшемі13,64 Kb.
#77638
Байланысты:
менин атм кожа


Орындаған:Анесова Адеми 7М01503-Информатика
Менің атым Қожа
Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала. Шылымның зиянын түсінеді: Сұлтан берген темекіні тартып көреді, бірақ содан кейін темекіге жоламайтын болады. Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгілі иісі мұрныма келсе, зытып жөнелемін,- дейді. Қожа өз ісіне өзі есеп бере алады. - Иә, оның қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өзі жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады. Хикаяттың әр тарауында Қожа әр қырынан суреттеледі. Десек те, Қожаның тентектігі тектен-тек емес, белгілі бір логикадан туындайды. Адам жанын түсіне, ұға бермейтін шолақ белсенділерге, екі жүзділерге қаны қайнайды. Сонымен, барлығын саралай келіп, “Қожа- түбі адам болатын бала” деген тұжырым жасаймын.



Жантас қандай бала?

Жантас - Ол Қожамен бір сыныпта оқиды . Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды . Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады.
Сол себепті өз сыбағасын алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет