Дістемелік кешені


Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі



бет59/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118
1.Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі. Атқарушы органдардың басқарылатын объектілерге тікелей басқарушылық ықпал жасаудың тәсілдері мен әдістері-басқару әдістері болып саналады. Басқаша айтқана, басқарудың әдісі атқарушы биліктің тиісті субъектісінің алдында тұрған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың нақты тәсілдері, осы биліктің өзін іске асырудың құралы болып табылады, Бұл әдістердің сипаттамасындағы ең маңыздысы мынада, олар басқарудың субъектісі мен объектісі өзара әрекеттескендігінде көрініс табады, олардың арасындағы байланысты білдіреді. Басқарудың әдістеріне мыналар тән: -олар мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсаты қызметімен табиғи байланысты; - оларды атқарушы билік субъектілері өздеріне бекітліген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады; -оларда атқарушы билік субъектілерінің заңдық-биліктік өкілеттіктері тікелей көрініс табады; - басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару объектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Басқарушылық ықпал жасау басқару субъектісінің нормативтік немесе жеке-дара заңдық биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез-құлық ережелерін белгілеудің немесе нақты объектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке-дара нұсқамалар тұжырымдаудан өзінің көрінісін табады; басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді, әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерін табады. Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынас, олардың арасындағы тікелей байланыстьы айқын болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет