Дістемелік кешені


Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы



бет55/118
Дата20.02.2022
өлшемі180,82 Kb.
#25977
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118
2.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы. «Нормативтік құқықтық акт» ұғымы бұл жұмыста ресми заң құжаты ретінде қарастырылған. Құқықтық актілер әртүрлі, олар басарудан маңызды рол атқарады. Заң нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөледі. Негізгілерге жататындар: Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар; Қазақстан Республикасы Призидентінің конституциялық күші бар жарлықтары және Президенттің басқа нормативтік құқықтық жарлықтары; Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары;Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары; Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары; маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері. Туынды нормативтік актілерге мыналар жатады: 1) регламент; 2) ереже; 3) қағида; 4) нұсқаулық. Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері Құқықтық актілер басқару органының басқару деңгейіне қарай былайша бөлінеді: жалпы; салалық (салааралық); аймақтық (жергілікті); локальдық (ұйымшілік). Жалпы нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес атқарушы билік органдарының құрылымын, билікті субъектілер мен орындаушылардың іс-әрекет ережелерін белгілейді. Жалпы нормативтік актілер арасында Республика Президенті актілерінің маңыздылығы басым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет