Байланысты: kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)
4. Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 69-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатудың ескіру-мерзімі белгіленген. Адам әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2-ай өткеннен кейін, ол қоршаған ортаны қорғау саласында -6 ай өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды. Жеке тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай ақ салық салу, ҚР-ның зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін, оны жасаған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Ал заңды тұлға осындай құқық бұзушылық жасаған жағдайда, жасалған күннен бастап 3 жыл өткеннен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға тиіс емес. Созылып кеткен әкімшілік құқық бұзушылық кезінде (Мыс. әскери есепке тұру ережесін бұзғанда, тіркеусіз тұрып жатқанда, т.б.) , сондай ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғатын қаржы мен бюджет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, адам, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күннен бастап, 2-ай өткеннен кейін, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс емес. Құқық бұзушылықпен келтірілген зиян елеусіз болған жағдайда, судья немесе істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға ауызша ескерту жасап, ол адамды әкімшілік жауаптан босатады.