Байланысты: kr akimshilik kuk g 2021-2022 oku zh l -k (8)
2.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте әкімшілік құқық бұзушылықтың анықтамасы былай деп берілген:"Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады." Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен (қаржы, жер және т.б.) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын, қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері: а) құқыққа қарсылық - бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі да болуы мүмкін.