Дістемелік кешені


Лекция 26. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби іс әрекетіндегі оқыту технологиялары



бет55/79
Дата19.04.2022
өлшемі403,29 Kb.
#31534
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79
Байланысты:
Дістемелік кешені

Лекция 26. Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби іс әрекетіндегі оқыту технологиялары.

1.1.Педагогикалық технология туралы түсінік.

1.2.Әдістеме, технология, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының арақатынасы.

1.3.Қазіргі педагогикалық технологиялар.
Технология ұғымына түсінік.Бүгінгі педагогика ғылымында “технология” ұғымыкең таралған ұғымдардың бірі. “Технология” сөзі гректің “техне” - өнер, шеберлік және “логос” – ғылым деген сөздерінен құралып, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде және түсіндірме сөздікте: “Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы”- немесе “Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс – тәсілдері туралы білімдер жиынтығы” деген анықтамалар берілген. Бұл жерде технология ұғымы өндіріспен тығыз байланыста қаралған. өндірісте объект пен оны жүзеге асырушы жақтың арасында үздіксіз байланыс бар. Мәселен, өнім сапасына деген алғашқы талаптар; шикізат; шикізат сапасын бақылау; аралық өнім; аралық өнім сапасын бақылау; дайын өнім; дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, дайын өнім сапасын бақылау; процеске түзетулер енгізу немесе авариялық тоқтату. Сонымен бірге, бұл процеске материалдық, қаржылық, адам ресурстары, тасымалдау т.б. қосылады. Осылайша өнімді өндіру процесі алдын – ала белгіленген нәтижеге қол жеткізуге ықпал ететін әдіс – тәсілдер, құралдар, ғылыми зерттеулер жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. өндірістегі сияқты білім беру мекемелері де қоғамдық тапсырысты орындауға атсалысады. Сондықтан бүгінгі таңда білім беру саласында да технология ұғымы қолданыла бастады

Педагогикалық технология” ұғымы.ХХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ



пен Батыс Европа елдерінде білім беру саласын қайта құру реформалары кеңінен жүргізілді. Аталған елдердегі оқыту процесінде техникалық құралдардың қолданыла бастауы “білім беру технологиясы” деп аталатын ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бірақ, осы ұғымды түсіну мен қолдануда әртүрлілік басым болды. ХХ ғасырдың 50 – 60 – шы жылдары білім беру саласындағы түрлі зерттеулердің, ғалым – педагогтардың пікірлерінің нәтижесінде жоғарыдағы ұғымның орнына “Педагогикалық технология” термині қолданыла бастады. “Педагогикалық технология” ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген. Мәселен: М.В.Кларин: “Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді”- дейді. Ал, белгілі ғалым В.М. Монахов: “технология оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгісі”- деген тұжырым айтса, Б.П. Беспалько: “Педагогикалық технология – практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы” – деген қорытынды жасады. Г.Селевко: “Оқыту технологиясы – оқытудың тиімді жолдарын зерттейді. Оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер, қағидалар” сынды көзқарасты ұстанды. Қазақстандық ғалым – педагог М. М.Жанпейісова: “Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, соңында оқушының дамуына жағымды жағдай жасайды” – деп көрсеткен. Түрлі көзқарастар мен анықтамаларға қарамастан, педагогикалық технологияны сабақ беру және ұстаздың жоспарланған мақсаттары мен оқушылардың іс - әрекеттерінің жетістіктеріне жету процесі деп түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет