Дістемелік кешені



бет105/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 14].

14 БАӨЖ тақырыбы: Айқындауыш мүше және оның түрлері.


Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтіннен оңашаланған айқындауыштарды тауып, қай мүшені айқындап тұрғандарын, тыныс белгілерін түсіндіріңіз, қажет болса, тыныс белгілерін қойып шығыңыздар.
Жас шалғыны мол, кең қоныс – Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бұрын жеткен Кәкітай, Дәрмен және Оспанның бір ұл, бір қызы - Әубәкір, Пәкизат. Бүгін біздің болыстың шетіне – Ақтомардағы Бөкенші үстіне кеп түсіпті. Жаңа, кешке жақын бұлақ басындағы бір тақырға жиналған өзі құрбы балаларды бастап осылай ат қоюды көп ойын қылған. Сын кезінде, осындайда, өзің екенімді, досың екенімді, білдірмек ниетім!
Солардың үлкені төрге жуық отырған, мынау ерекшк кесек денелі – Жақып.
Жатарда тысқа, сейілге шыққан Әбіш ауылдан ұзап, өзен жағалап жалғыз кетті (М.Әуезов).
2-тапсырма. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің жазылуында қандай пунктуациялық ерекшеліктер бар?
Иман алысқа барып түскен бөркін алды да, енді аспанға өзі лақтырды. - Ғайниза жеңгей, сүйінші! Сүйінші! - деп бар даусымен айдалаға айғай салды.
- Бұл ненің қуанышы? - деді қыз Мәдиге қарап.
- Иә, аруақ!
Мәди ұйқысынан осылай аруақ шақыра, айғай сала оянды. Екеуі бірі жымиып, енді бірі ырсиған арпалыста тұрған шақта қара ояздың:
- Босат! - деген әмірлі даусы шықты.
- Ел, Ел!
- Қайран ауыл! Айналайынның елі! Тіпті, әлі жатқан да жоқ! - деп, Ербол мен Баймағамбетке даурығып хабар етіп жатыр. Абай Әйгерімнің жүзіне таңдана, қызығып қарағандай, келіншегін оқшау әзілмен қарсы алды:
3-тапсырма. Айқындауыш мүше және оның түрлері туралы баяндаңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].

15 БАӨЖ тақырыбы: Сөздердің байланысу формалары.


Тапсырмалар
1-тапсырма. Бірінші топта басыңқы сөз, екінші топта бағыныңқы сөздер берілген. Әр сөздің бір-бірімен тіркесу қабілетіне сәйкес сөз тіркесін құраңыз.
а) Киіну, бала, астық, қозғалмау, жету, шұғылдану, сөзі, таныс, тізілу, тыңдау.
ә) Әдемі, үш, шахматпен, Қайраттың, елу пұт, орнынан, мақсатына, бұрыннан, тым-тырыс, қаз-қатар.
2-тапсырма. Төмендегі мысалдардың қайсысы сөз тіркесі, қайсысы күрделі сөз немесе күрделі тіркес екенін анықтаңыз.
Қара торы, қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды, он сегіз, сегіз ай, жұмған аузын ашпау, сіркесі су көтермейді, мөлдір су, асығып-үсігіп, зыр жүгіру, көпір арқылы, көпірден өту, селт етпеу, табыс ету, куә болу, күзге қарай, жақсы көру, әдемі жазу.
3-тапсырма. Сөз тіркестерін есімді, етістікті түріне ажыратып, әрқайсысын бөлек топтап жазыңыз.
Жаңа мекен, балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, халық қазынасы, ақталған сенім, малшыға қамқорлық, кенге бай, мерекеге ұласу, таудағы мұнаралар, үш нәресте, қаланың көмегі, дәрігерге алғыс, суыққа шыдамды, бөлмені безендіру, ерте тұру, көруге құштар, бүгін жолығу, бетегеден биік, жусаннан аласа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет