Дістемелік кешені


Пән бойынша негізгі ұғымдар (глоссарийлер)



бет108/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Пән бойынша негізгі ұғымдар (глоссарийлер):


Ұғым – заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің жалпы және мәнді белгілері туралы ой.
Ұғымдық мағына – санадағы ұғымның адамдардың қоғамдық тәжірибесі арқылы сөздік қабыққа бекітілген бөлегі.
Сөздік мағына – белгілі бір дыбыстық қабықпен сөзформамен бірге бірге дербес өмір сүретін біртұтас логикалық-ұғымдық, лексиалық-семантикалық, лексикалық-грамматикалық мағына.
Тілдік мағына деп тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына элементтерін түсінеміз. Тілдік мағына өздігінен өмір сүрмейді, сөздердің лексикалық, грамматикалық мағынасымен тығыз байланыста болады. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мән-мағыналар өз ішінен екіге бөлінеді: 1) парадигмалық мағына, 2) синтагмалық мағына.
Парадигмалық мағына. Тең дәрежелі тіл элементтерінің арасындағы байланыс парадигмалық байланыс деп аталады. Мұндай байланыс тілдік жүйедегі сөздердің ойда топтастыру, жинақтау, мағыналарын саралау арқылы жасалады. Парадигмалық байланыстар негізінде анықталатын мағына парадигмалық мағына немесе сабақтастық мағына деп танылады.
Синтагмалық мағына. Сөйлеу не жазу кезінде сөздердің бірінен кейін екіншісінің келіп байланысуынан синтагмалық қатынастар пайда болады. Парадигмалық қатынас бір деңгейдегі тіл элементтерінің арасында болса, синтагмалық қатынас әр текті тіл элементтері арасында ұшырасады.
Лексикология ономастика ғылымымен де байланысып жатады. Ол (ономастика) кісі, жер-су атауларын жеке объектісі ретінде қарастырады. Ол іштей кісі аттарын зерттейтін антропонимика мен географиялық жер-су атауларын анықтайтын топонимика сияқты екі салаға бөлінеді.
Сигнификаттық мағына. Сөздің лексикалық мағынасының құрамында идеалды денотат болғанымен, оның бір өзі толыққанды мағына жасай алмайды. Сөздің лексикалық мағынасының құрамдас бөлшектерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады. Денотатты мағына адамның сезім мүшелеріне әсер етіп, көрнекі-нақты ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің объект бейнесі болса, сигнификативті мағына- абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субъект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп те атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет