Дістемелік кешені


Етістіктің грамматикалық категориялары



бет37/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Етістіктің грамматикалық категориялары.
Болымды және болымсыз етістік. Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: кет, қаз, жат, тұр, сөйле т.б. Ал болымсыз етістіктер, біріншіден, болымды етістікке қарама-қарсы мағынада -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жұмсалады: бар-ма, кет-пе, қаз-ба, сөйле-ме т.б. Екіншіден, тіркескен түрде “жоқ”, “емес” сөздерінің қатысы арқылы жасалады: көрген емес, барған жоқ т.б.
Қалып етістіктері. Адамзат атаулының бәрі не жатқан, не отырған, не жүрген, не тұрған жағдайда ұшырасады және олардың әрекеті осы төрт қалыптың бірінде өтеді.Осындай жағдайлардың атауы қалып етістіктері болады: жат, тұр, отыр, жүр.
Салт және сабақты етістік. Қимылдың иесіне ғана қатысты етістіктер салт етістік болады: қаш, отыр, кел т.б. Ал қимыл иесіне емес, сол қимыл жасалып жатқан затқа немесе құбылысқа қатысты айтылатын етістік сабақты етістік болады: сал, айт, таны, бер т.б.
Етістіктің етіс категориясы. Етіс төрт түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.
Өздік етіс қимылдың әрекет иесіне бағытталғанын білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнақтарының негізінен сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: жу-ын-ды, көр-ін-ді т.б.
Өзгелік етіс қимылдың тікелей тыңдаушы арқылы емес, екінші бір бөгде адам (агенс) арқылы істелетінін көрсетіп, -дыр, -дір,-тыр,-тір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т қосымшаларының сабақты етістікке жалғануы арқылы жасалады: сал-дыр, бас-қыз, сөйле-т т.б.
Ырықсыз етіс қимылдың иесі сөйлемде бастауыш қызметін атқарып, етістік сонымен қиысып қимыл иесі көрінбей, -ыл, -іл, -л жұрнағы арқылы сабақты етістіктен жасалады: кір жу-ыл-ды, сабақ сұра-л-ды т.б.
Ортақ етіс қимыл бір емес, бірнеше ие арқылы жүзеге асатынын білдіріп, -ыс, -іс, -с жұрнағы арқылы жасалады: әкел-іс-ті, хат жаз-ыс-ты т.б.
Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе әрекет иесінің пікірі, іс-әрекеті шындыққа қаншалықты қатысты екенін көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Мұны етістіктің райлары дейді. «Ауа райы» деген тіркесте де, байқасақ, ауаның райы, яғни мінезі туралы мәлімет береді. Ендеше етістіктің райы дегеніміз әрекеттің мінезі, яғни бір нәрсені қалау, бұйыру, шарт қою дегенді білдіреді. Қазақ тілінде етістіктің төрт райы бар: шартты рай, бұйрық рай, қалау рай, ашық рай.
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауы шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады: бар-са, кел-се, сөйле-се т.б.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйрық райдың арнаулы жұрнағы жоқ. Сондықтан бұйыру түбір етістіктің өзінен көрінеді: кет, кел, сөйле т.б. Ал бұйрықтың кімге бағытталғанын білдіру үшін бұйрық сөзге, яғни етістікке тікелей жіктік жалғауы жалғанады. Сонымен, бұйыру мәні ІІ жақта айқын болады да, ІІІ жақта бұйыру-өтіну, қозғау салу мәні басым болады да, ал І жаққа бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді:
І жақ. Бар-айын, бар-айық;
ІІ жақ. Бар, бар-ыңдар;
Бар-ыңыз, бар-ыңыз-дар
ІІІ жақ. Бар-сын, бар-сын т.б.
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын, үмітін білдіріп, етістік түбірлері мен етіс, күшейткіш, болымсыз етістік тұлғаларына -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, олардың үстіне тәуелдік жалғауы -м, -ң, -сы, -мыз, -міз, -лары, -лері қосылып кел көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбір -са, -се игі еді, -ғай, -гей, -қай, -кей, еді , -са, -се екен тәрізді күрделі форматтар арқылы жасалады: бар-ғы-м келеді, бар-ғы-сы келеді, бар-ғы-мыз келеді, бар-ғы-лары келеді немесе бар-ғай еді, бар-са екен т.б.
Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттің белгілі бір мезгілде болу-болмауын нақты көрсетіп, осы, өткен және келер шақта тұрады. Сондықтан ашық рай етістіктің шақ категориясынан көрінеді. Олар қазақ тілінде үшеу: осы шақ, келер шақ және өткен шақ.
Есімше, бірінішіден, жіктеліп келіп, шақтық мағынаны білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категориясының бір көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп, қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады. Есімше деп аталуы да сондықтан болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет