Дістемелік кешені


Сын есімдер мағыналық түрлеріне



бет35/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111
Сын есімдер мағыналық түрлеріне қарай сапалық және қатыстық болып бөлінеді. Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың алуан сыр-сипатын (жақсы, жаман т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісі (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімнің өзіндік бір ерекшелігі - өздері жасалатын сөздердің мағынасына байланысты келетіндігі. Мәселен, сулы жер – суы мол жер, аталық борыш – атаның борышы т.б.
Сын есімдер үш тәсіл арқылы: морфологиялық (синтетикалық): қызылдау, ақшыл, таудай т.б. жұрнақ арқылы; синтаксистік (аналитикалық) тіркесу, қосарлану нәтижесінде: көк ала, қара шұбар, ақ көйлекті, жібек орамалды, биік-биік, аласа-биік т.б. семантикалық (морфологиялық-синтаксистік) тәсіл арқылы, яғнитуынды сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы: басқа, өзге, шалажансар т.б. жасалады.
Тілімізде қолданылып жүрген сын есімдер сөз табы ретінде құрамдық жағынан жалаң (дара) және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Шырай категориясы. Шын мәнінде де заттың я нәрсенің бір түрінің я сынының сындық та, сапалық та өзгешелігі болып отырады. Сондықтан да тілімізде қалыптасқан сын есімдерді мағыналық реңк жағынан төрт түрлі шырай формаларына топтап жүр: жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы.
Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі. Тілімізде қолданылып жүрген сын есімдер негізінен заттың не құбылыстың сындық сипаттарын білдіретіндіктен сөйлемде басым көпшілігінде әрі негізгі қызметі анықтауыш болу. Мысалы: Олар қызық кітап сатып алды. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау танымас тірі жанды (Абай).
Есім сөз таптарының бірі – сан есім. Тілімізде сан есімдер сандық мөлшерді білдіре отырып, зат есімдермен тіркескенде нақтылы ұғымдық мағынаны білдіреді де (үш адам, жиырма кісі т.б.) жеке қолданғанда (екі, төрт, алпыс) абстрактілі ұғымда жұмсалады. Ал құрамы жағынан дара, күрделі сан есімдер болып бөлінеді. Мысалы: бес, үш, мың т.б. дара болса, жиырма төрт, он-он бес, төрт-төрттен т.б. күрделі сан есімдер. Сан есімдердің семантика-морфологиялық топтары. Сан есімдер сандық мөлшерлік ұғымдарды білдіруде семантика-морфологиялық тұрғыдан мына секілді алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, болжалдық, жинақтық, топтық, бөлшектік сан есімдер.
Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі. Ал сөйлемде сан есімдер негізінен анықтауыштық қызмет атқарады. Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да, анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады; яғни сөйлемдегі сан есімдермен байланысатын сөздер – қабыса байланысса да, жанаса байланысса да, орын жағынан ылғи сан есімдерден кейін қалып отырады.
Есімдіктер – сөйлем құрамында басқа есім сөз таптары орнында (зат, сан, сын есімдердің), яғни зат атауының, сындық белгілердің, сандық мөлшерлердің тікелей өзін емес, солардың орнында қолданылатын сөз табы. Мәселен, бес адам келеді дегеннің орнына олар келеді. Есімдіктердің тематикалық кейбір (семантикалық) топтары. Мағыналық тобына қарай тіліміздегі есімдіктер мына секілді жеті топқа бөлінеді. 1) жіктеу, 2) сілтеу, 3) сұрау, 4) өздік, 5) белгісіздік, 6) болымсыздық, 7) жалпылау есімдіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет