Дістемелік кешені


Сөздердің байланысу формалары



бет44/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Сөздердің байланысу формалары. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімді тіркестер.
Қабысу – түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы орын тәртібі болады.
Қиыса байланысқан сөз тіркестері. Бұл бастауыш пен баяндауыштың арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай әр түрлі жақтарда және дара, көпше түрінде де бола береді. Әсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады.
Матасу. Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуын айтамыз. Басым сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. СТ анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Меңгеру. Меңгерілетін сөзіміздің қатарына атау мен іліктен басқа барлық септік жалғаулы сөздер жатады. Меңгерілетін негізінде толықтауыш, меңгеретін көбінесе, етістік иә тәуелді жалғаулы сөз болып келеді.
Жанасу – жалғаусыз, шылаулы пысықтауыштардың пысықталушы сөздермен байланысы. Жанасатын сөздер: үстеулер және жалғау арқылы емес, шылау арқылы бірімен-бірі байланысатын сөздер.
Көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың ішіндегі сөздердің лексиалық мағыналарына қарамай, лексикалық мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыш-баяндауыштық, толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық болады. Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер – тұрлаулы мүшелер – сөйлем атаулының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің мағына топтанып не тікелей соларды, не бірін-бірі анықтап, толықтап, пысықтап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет