Дістемелік кешені


Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем



бет52/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Сабақтастың бұл түрі бағыныңқы компоненті басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекет, жай-күйдің болу немесе шартын білдіреді. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасаудың ең негізгі және өнімді тәсілі-бағыныңкы компоненті шартты райға аяқталатын түрі.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, қарсы бағыныңқылы сабақтас сөйлем қарсылықты салалас сөйлемге ұқсас: екеуінің компоненттері де мағыналары бір-біріне қайшы келетін оқиғаларды баяндайды, өзгешеліктері тек құрмаласу тәсілдерінде ғана: бірінің салаласа, екіншісінің сабақтаса байланысатынында. Екі компонент арасындағы карама-қарсылық мағына бағыныңқы компоненттің белгілі баяндауыш формада айылуы арқылы жасалады. Ондай баяндауыш формасына мыналарды жатқызуға болады.
1. Бағыныңқы компонент -да: -де шылауына тіркескен шартты рай формалы етістікке аяқталады. 2. Бағыныңқы компонент көмектес жалғаулы есімшеге аяқталады. 3. Бағыныңқы компонент шартты рай формалы етістікке аяқталады да, әр компонент құрамында мағына жағынан бір-біріне кайшы келетін сөздер болады. 4. Бағыныңқы компонент көсемше формалы етістікке аяқталады. 5. Бағыныңқы компонент -ша, -ше қосымшалы есімшеге аяқталады
Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Компонентерінде баяндалатын әрекет, оқиға, жай-күй бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле көрсетілетін сабақтас құрмалас сөйлемдер салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде, негізіндё, соңғы тиянақты компонентте баяндалған жай-күй, әрекет алдыңғы бағыныңқы компоненттегі жай-күймен, әрекетпен салыстырылады. Салыстырмалы мағына төмендегідей тәсілдер арқылы жасалады. Шартты рай формалы етістікке аяқталған бағыныңқы компонент құрамында әрқашан қандай, қанша, қалай деген сұрау есімдіктерінің бірі келеді де, басыңқы компонентте сонымен тұлғалас, соған жауап ретінде айтылатын сондай, сонша, солай деген сөздердің бірі айтылады. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сондай-ақ бағыныңқы компоненттің баяндауышы қызметінде, -дай, -дей жұрнақты өткен шақтық есімше келу арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет