Дістемелік кешені



бет48/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Толымды сөйлемдер. Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып, кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Сүйіндік сөзінен соң ұйлығып қалған Бөкенші, Борсақтар үндемеді. Мұнда ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел айтылған. Сондықтан мұндай сөйлемдер толымды деп аталады.
Толымсыз сөйлемдер. Ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады (Бал., Сайр. 226-б.). Бұл сөз одан әрі өрбіген жоқ. Қай сөз екені белгісіз…
Атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түскен мүшелер жоқ. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады. Жаз. Тымырсық ыстық. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемнің іргесіне тірек болады.
Күрделенген жай сөйлемдер. Сөйлем құрылысы күрделеніп, мазмұны жағынан да күрделі ой туғызады. Бұлар бір-бірінен синтаксистік тәсілдері және іштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Ауылдан бүгін ертелеп келген Асқар Ботакөзбен жолығу үшін оның үйіне кетті.
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды білдіретінін ешбір ғалым бекер демейді.
1. Құрмалас сөйлемнің әрбір компоненті мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын бәрі бір сөйлемдік мағынаға ие болуы, бір ойды қамтуы керек.
2. Құрмалас сөйлем компоненттерінің білдіретін мағыналары бір-біріне жақын, қандай да болмасын, белгілі бір дәнекерлер арқылы ұштасып жататын желілес, күрделі ой болады. Компоненттерді ұштастыратын дәнекер мағыналық болуы да, тұлғалық болуы да мүмкін.
3. Құрмалас құрамына енетін әр компонент мейлі ол тиянақты болсын, мейлі тиянақсыз болсын бәрібір жалпы сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы шарт. Сөйлемге тән негізгі қасиет, біріншіден, коммуникативтік мән, екіншіден, модальдық сипат, үшіншіден, предикаттық қатынастың болуы.
4. Құрмалас сөйлем компоненттерінің әрқайсысының өзіндік интонациялық кідірісі болу керек. Тіліміздегі үйірлі мүшелердің кейбір сөйлемдік қасиетке ие болғандарымен (бастауыш, баяндауыш боларлық сөздерден құралуы), құрмалас сөйлем компоненті бола алмайтын себебі оларда сөйлемнің негізгі бір белгісі болып табылатын интонациялық кідірістің не салаластырушы, не сабақтастырушы интонацияның болмайтындығында. Осы айтылған белгілер бойыннан табылатын құрылымдар ғана құралмалас сөйлем бола алады.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің дербес айтылатын жай сөйлемдерен елеулі, түбірлі өзешеліктері де бар. Ең алдымен, құрмалас сөйлем компоненттерінде жай сөйлемге тән дербестік жоқ, олар құрмалас деп аталатын бір бүтін сөйлемнің жеке бөлшегі ғана. Бүтіннің бір бөлшегі болғандықтан құрмалас сөйлем компоненттерінде маыналық та, интонациялық та, кейбіреулерінде формалық та тиянақтылық болмайды. Ондай тиянақтылық мәнге құрмалас құрамындағы барлық компоненттер біріккен жағдайда ғана ие болады. Өйткені құрмалас сөйлем дегеніміз кез келен жай сөйлемерің кездейсоқ тіркесе салған тобы емес, оның компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұрады. Және біріне-бірі баынышты, өзара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін болып есептеледі. Егер компоненттердің бірлігі бұзылса, олар өздерінің бірлікте тұрғандағы мәндерін жояды.
Құрмалас сөйлем болу үшін оның құрамына енген компоненттер бір-бірімен синтаксистік байланыста тұруы шарт. Оларды синтаксистік қатынасқа келтіріп, бір бүтін етіп тұратын грамматикалық амал-тәсілдер түрлі-түрлі. Олардың қатарына төменгілерді жатқызуға болады:
Құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің алдыңғысының баяндауышы етістіктің тиянақсыз түрінде айтылуы арқылы кейінгі компонентпен байланысады. Бұл тәсіл арқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасалады.
Компонеттер септеулік шылаулардың немесе солар мәндес сөздердің дәнекерлігі арқылы құрмаласады. Мұндай қызмет атқару үшін айтылған дәнекерлер атау, барыс, шығыс септікті есімшелерге көмекші болып тұруы шарт. Бұл тәсіл арқылы да сабақтас құрамалас сөйлем де жасалады. Компоненттер бір-бірімен жалғаулық шылаулар, немесе солар мәндес сөздер арқылы құрмаласады. Бұл тәсіл арқылы салалас сөйлем жасалады. Компоненттер мағына жалғастығы, интонация бірлігі арқылы бір-бірімен іргелесе айтылып құрмаласады. Бұл тәсіл арқылы жасалатындар-жалғаулықсыз салалас сөйлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет