Дістемелік кешені


Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем



бет53/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас құрмалас сөйлем себеп бағыныңқылы, сабақтас деп аталады. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті басыңқы компонентпен мынадай тәсілдер арқылы байланысады.
1. Бағыныңқы компонент -дықтан, -діктен қосымшалы өткен шақтық есімшеге аяқталады. 2. Бағыныңқы компонент соң шылаулы өткен шақтық есімшеге аяқталады. 3. Бағыныңқы компонент -ып, -iп, -п, -а, -е, -й жұрнақты көсемше етістіктерге аяқталады.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтастың бұл түріне бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің мезгілін білдіретін құрмалас сөйлемдер жатқызылған. жасалу тәсілдерітөмендегілер: Жатыс жалғаулы есімшеден болады. Өткен шақтық есімшеге -ша, -ше жұрнағы қосылу арқылы жасалады. Атау тұлғалы есімшеге сайын, соң, кезде, күнде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы дегендер тәріздес сөздердің көмекші болып айтылуы арқылы жасалады. Барыс жалғаулы есімшеге шейін, дейін шылаулары тіркесіп айтылу арқылы жасалады. Шығыс жалғаулы есімшеге кейін, соң, бері шылаулары тіркесіп айтылу арқылы жасалады. Шартты рай формалы етістіктен болады. Көсемше етістіктен болады. -ысы, -ісі қосымшалы етістіктің көмектес жалғаулы түрінен болады.
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастың компоненттері де бірі екіншісіне бағыныңқы, тәуелді болып, соңғысы алдыңғысын жетектеп, меңгеріп тұрады. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті өз басыңқысымен көсемше формалы етістіктен болған баяндауыш арқылы құрмаласады. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемі басыңқы жай сөйлемдегі іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың калай болғандығын білдіреді.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Мақсат бағыныңқылы сабақтас деп бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің, оқиғаның болу я болмауының мақсатын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемді айтады. Мақсат бағыныңқылы сабақтаста бағыныңқы компонент басыңқы компонентпен өзінің мынадай баяндауыш формалары арқылы құрмаласады:
1. Бағыныңқы компонент үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады. 2. Бағыныңқы компонент деп көмекшісіне тіркесіп келген етістік түрлеріне аяқталады. 3. Бағыныңқы компонент бол көмекшісіне тіркесіп келген -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақты етістікке аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет