Дістемелік кешені



бет66/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

3-тапсырма. Көнерген сөздер мен неологизмдер туралы не білесіз?
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 10], 3. [1.7: 13].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 8], 2. [1.7: 9].
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздердің қолданылу аясына қарай қатысты сұрақтарға жауап беру үшін тізімдегі әдебиеттерді пайдаланыңыз. Жаттығу жұмыстары бойынша жұмысты орындаңыз. Диалект, кәсіби сөздер, терминдер, көнерген сөздер, неологизмдердің ерекшелігін түсіндіріңіз. Тапсырмаларды орындау барысында сөздіктерді пайдаланыңыз. Лексикологиялық талдау жасаңыз.

7 семинар сабағы тақырыбы: Морфема және оның түрлері.


1 сағат. 7-апта
Сұрақнама:
1. Морфологияның зерттеу нысаны
2.Қосымша морфема мен түбір морфеманың айырмашылығы.
3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
4. Септіктің жай септелу тәуелді септелу деген іштей бөлінісінің ерекшеліктері.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтіннен жалғау жалғанған сөздерді табыңыздар, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Адал жар жоқтауымен Абай жаңаша жолға өтті. Ол өлмеске қадам басты. Әйгерімнің әні мен соған орай айтылған дәрмен жыры Абай туралы кейін туатын бар өнердің басы еді. Жаңа туған әннен бастап Абай жаңа туысқа ауысқан. Осы күйдің куәсі болып қалың елдің өзгеше көп-көп жаны жиылып қалыпты. Бұлар – өтіп жатқан кештерден келген кәрілер, жастар, ерлер, әйелдер.(М.Ә.).
2-тапсырма. Мәтіндегі сөздерді құрамына қарай талдаңыздар. Морфемаларына түсінік беріп, олардың лексикалық, грамматикалық мағыналарына қатысын ауызша түсіндіріңіз.
«Бурабай» – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі. Сол маңайдағы қазақ елі – «Жер жұмағы» десе, журналист білгіштер Швейцарияға теңеп, мақтан етеді. Нияз осы сөздерді екшеп, електен өткізгенде тапқан бір мысқал алтын шындығы: қазақ даласы – халықтың бай «қазынасы». Ол қандай байлық? Кейбіреулер дала дегенді көлбеп жатқан құла дүз, жусаннан басқа өсімдік, суырдан басқа жәндік жоқ, қу тақыр деп ойлайды. Қазақстан жерінде тау-төбе, өзен-көл, тақыр-құм, сызат-саз, ойпаң-жазық, қырат-адыр, орман-тоғай да бар. Үш Франция жеріне пара-пар Қазақстан – түсті, асыл кендердің қазынасы, астықтың қоймасы, мыңғырған малдың өрісі. Міне, Нияз өмір сүрген қазақ жерінің бір бұрышының ауасы – дертке шипа, талай адамды өлімнен құтқарған қасиетті жер (3.Ш.).
3-тапсырма. Септік, жіктік жалғауларында қолданылған сөздерді тауып, сұрақ қойыңыз. Қай септеуде және қай жақта тұрғанын ажыратыңыз.
Бораш жиналу жабдығымен үйде қалды да, Шеген екеуіміз таныс жерлермен қоштасып қайтуға қалаға кеттік. Сол үнсіз қалыппен базар қасынан өттік. Үңгірімізді су алып кетіпті, етігімізді шешіп, үңгірге кірдік. Бұрышта қалған қара шәйнегіміз де суға толып тұр. Шеген балағын түріп, суды тізесінен кешіп, түкпірге барды да, жып-жылтыр қара коробка суырып алды. Мен оны бір кезде темекі тартқан екен ғой деп қалдым. Шеген қара сырлы коробканы ашты да, ішіндегісін көрсетті... (Ғ.М.).
4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, жұрнақтың астын бір, жалғаудың астын екі сызыңдар.
Тамырлықтың аяғы достыққа айналып, олар егін, пішен сияқты тіршіліктерде бір-біріне жәрдемдесті (С.М). Ол кезде тасты қолмен ұсақтайтын, баялышпен өртейтін, қимен қорытатын. Жұмыстың жайын ацтпастан бұрын сөзді амандықпен бастау керек. Игілік жанжалдың бітуі мен тынуын тілейді, бірақ Жұмекең келісімге келетін емес (Ғ). Әуелі даугер сөйлейді, содан кейін айыпкердің сөзі тыңдалады. (М.Ә).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет