2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден қарамен терілген сөздерді теріп жазып, мағынасын анықтаңыздар, тура немесе ауыс мағына ма, ұқсатудан немесе фразеологиялық байланыстан туған мағына ма, конМәтіндік мағына ма екенін анықтап, пайда болу жолын түсіндіріңіздер. 1. Адам әлі білмеген, талай жұбақ сырың да, жырың да бар-ау табиғат-ана! (Ғ.С). 2. Бұл кезде менің миым асты-үстіне келіп қайнап кеткен (Ғ.М.). 3. Бақшаның мен жақ шеткі ағаштары кесе-көлденең жапырылып, жер бауырлап бүксие берді (Ғ.М.). 4. Дүние желі олай соғып, былай соғып, бір теңбіл шаңды соның ішіп отырған шайына апарып түсірсе қандай жақсы болар еді дейді (Ғ.М.). 5. Жоқ, ол ойды мен өсірген емеспін (Ғ.М.). 6. Ауа лайнері Алматының үстін бір шолып өтіп, күннің шығысына – Өскеменге қарай бет түзейді. Алатаудың қойнынан көтерілген құрыш құс бір сағаттың о жақ, бұ жағында Алтайдың қиясына барып қонады. Ыстық күн Алатаудың иығынан күле қарайды. Ол ұзын алтын кірпіктерімен айналаны қытықтап тұрған тәрізденеді (Ә.Нұрш.). 7. Шіркін, сапар шегу қандай жақсы! Сапар – өмірдің баспалдағы (Ә.Нұрш.). 8. Алып таудың төсінен шыққан үлкенді-кішілі өзендердің бәрі неше алуан жыр шырқап, соған келіп қосылады (Ә.Нұрш.).
3-тапсырма. Мағынаның .берілу тәсілдері жайлы не білесіз?
Негізгі әдебиет:1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 3], 2. [1.7: 8].
Әдістемелік нұсқаулар: Сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін, негізгі сипатын білу үшін әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1, 2-тапсырмалардағы сөздерді жеке тұрып ұғымды білдіре алатын сөздерді бір бөлек, ұғымды білдіре алмайтындарды бір бөлек жазып ерекшеліктерін көрсетіңіз. Лексикологиялық талдау жасаңыз. Тапсырмаларды орындау барысында сөздіктерді пайдаланыңыз.
№ 4 семинар сабағы тақырыбы: Омонимдер, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздер.
1 сағат. 4-апта Сұрақнама: 1. Омоним туралы түсінік.
2. Мәндес сөздер туралы не білесің?
3. Антонимдердің стильдік қызметіне талдау жасаңыз..
4. Көп мағыналы сөздерге мысал келтір.