Дістемелік кешені



бет70/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   111
1 сағат. 10-апта
Сұрақнама:
1. Есімдіктің мағынасынаа қарай бөлінуі.
2. Салт етістік пен сабақты етістіктің өзіндік ерекшеліктері.
3. Етістіктің рай және шақ категориялары.
4. Етістің, есімше және көсемшенің айырмашылықтары.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтіндегі есімдіктерді түрлеріне ажыратып, қосымшасын атаңыздар.
Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойын біле алмай дал. Обалына не керек, әйтеуір, қанша қиындық көрсе де, әлі бірі қыңқылдап қабақ шытқан жоқ (Ә.Н.). Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек астынан күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті (Ә.Н.). Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Ағасының кегін қуған жігіт бір топ солдатты бастап кеп, тал түсте, толы халықтың көзінше Кәленнің қатын-баласын байлап әкетті. Онан кейін де балықшылар ауылымен ашық тартысқа түсіп, Кәленді ұстатып, өзіне қарсы келгеннің бәрін құртты (Ә.Н.).
2-тапсырма. Жіктеу есімдіктерін тауып, мағынасындағы, түрленуіндегі ерекшеліктерді байқаңыздар.
Ол Біржан ауылында бұдан бұрын да талай рет болған-ды. Бұл сапар ол тағы да Шорман әулетінің қуғын-сүргінінен қашып, Көкше жақты сағалап, Біржанға кеп ат басын тіреген (И.Ж.). – Сен бұл әнді Сегіз серінің өзінен бірақ рет тыңдадың (И. Ж.). Мен «Ол бекер» дегендей енжар көңілмен басымды шайқадым (И.Ж.). – Біз түгіл, Абай ағам да арманыма жеттім деген емес (К.0.). Олар көбінесе Күреңді ерттелген күйінде Үйтастың ішінде өздерімен бірге сақтайтын (К.0.). – Ойбай, мен ол жағының маманы емеспін, ғылым докторымын, – деп одан әрең құтылдым (М.Бал.). Менен кейін басқалар әзер шыдап жүр екен, іліп әкетті (3.Ш.). Менің адал серігім болды, бәрі де менің тәрбиемді көрді (3.Ш.).
3-тапсырма. Етістіктерді тауып, мағыналық, морфологиялық белгісін көрсетіңіздер.
Көпей екі нәрсені анық түйіп еді. Мұның байлығы базарда екені рас, осы бір тақыр күздікке қызығып келген жоқ. Екінші, осы аз жерді қимаған, қиқарлық жасаған жұрт көбінен айрылады. Игілік азды беріп, көпті арашалап қалайын деп жүр. Осыған сенді де:
– Әйтеуір, өз қолың таза болатын болса, Жұманның қатын-баласы егес-ерегісті өршітпеу жағында болар, – деп, Көпей түрегелді. Әр кездегі әдетінше, Игілік бұл жо-лы да жаңа бірдеме айтқандай көрінді. Әсіресе, алыстан қарғыта салуды керек ететін қауіп барын күйзеліп айтқандай болды. Осымен сонау жайлаудан дүрліктіріп кө-шірген үлкен бір дүрбелең оңай тарқайтын белгісін бергендей, екі жағы да тынышталып, үйлеріне қайтты (Ғ.М.)
4-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің морфологиялық көрсеткіштерін тауып, атқарып тұрған қызметіне қарай талдаңыздар.
Сүйіндік, Сүгірбай осындай сылтауды күтіп, қос қанатын қомдап отыр екен. Алдымен көшкен солар болады да, өзге бөкеншілер де еріксіз тартып кетті. Бүгінгі күн көшкен жалғыз Бөкенші емес, Құнанбайдың ез ауылынан көшкендер де бар еді. Ол – Өскенбайдың үлкен үйі, Зере отырған ауыл. Және соның қасындағы Ізқұтты, тағы бірнеше Қарабатыр, Жуантаяқ ауылдары болатын. Қысы-жазы Ұлжандармен бірге көшіп жүретін Жидебай, Барақты қыстайтын ауылдар. Құнанбай бұл уақытқа шейін ол ауылдарды қыстауларына жібермей, өз тобын бір арада жиып ұстамақ боп келіп еді. Енді суық түскенде, кәрі шешесін және Ұлжан қолындағы жас балаларын тоңдырып отыра беруге болмады (М.Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет