Дістемелік кешені


-тапсырма. Үйірлі мүшелер дегеніміз не? Негізгі әдебиет



бет75/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

4-тапсырма. Үйірлі мүшелер дегеніміз не?
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 14].
Әдістемелік нұсқаулар: Сөйлем мүшелеріне қатысты мәліметтерді негізгі тізімде көрсетілген әдебиеттерді пайдаланыңыз. Сұрақтарға жауап беріп, жаттығуларды орындаңыз. Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі мен тұрлаусыз мүшесіне морфологиялық, синтаксистік талдау жасаңыз.

14 семинар сабағы тақырыбы: Жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлері


1 сағат. 14-апта
Сұрақнама:
1. Жалаң және жайылма сөйлемнің белгілері.
2. Жақты және жақсыз сөйлем жасалу жолдары.
3. Хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерге мысал келтір.
4. Атаулы сөйлем.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына болымсыз хабарлы сөйлемдерді оқып, тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіздер. Болымсыз мағынадағы баяндауыштарды теріп жазыңыздар да, қайсысы локсикалық тәсіл арқылы, қайсысы грамматикалық тәсіл арқылы қалыптасқанын айтыңыздар.
1.Кішіпейілділіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін (Ә.Ә.). 2. -...Тіпті скрипкамыз да үндеуден қалды ғой!.. (М.Ә.). 3. Мен естімеген болып үндемеймін (3.Қ.). 4. ...Сіз оған міндетті емессіз (Ғ.М.). 5. – Ибрагим Құнанбаев, бүгінде сіздің ісіңіз жаман... (М.Ә.). 6. Бірақ оны елейтін - Жұман жоқ (Ғ. М.). 7. Ал сол «шоң» деген сөздің түп төркіні, мен білсем, қазақ сөзі емес (М. Ә.). 8. Бұл жоқ болды (Ә.Ә.). 9. Нұрғаным аулы бір тамшы су ала алмай қойды (М.А.). 10. Басқаларға көз қиығын салған жоқ (Ғ.М.). 11. Мен мұның бірі де емен (М.Ә.). 12. Қазақ жұмыскерінің арасында асып кеткен әнші де жоқ екен (Ғ.М.). 13. Мұндай өлеңді көргенім жоқ (М.Ә.). 14. ...Ол арасы маған белгісіз (Ә.С). 15. Бұл үй бұрынғысындай ағайын-туған, ел-жұртпен араласудан да қалды (Ғ.М.).
2-тапсырма. Төмендегі болымды хабарлы сөйлемдерді көшіріңіздер; олардың қай мүшелері арқылы, соған сәйкес, қандай лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы болымды мағынада жұмсалғанын түсіндіріңіздер.
1. Халықтық шығармаларды оқудан, көруден еш жалықпайды (Ғ.Мұст.). 2. Жылап көріскен, құшақ қосып қауышқан қалың қарындас арасында жырлап көріскен шешен ділмәр да аз емес (М.Ә.). 3. Шелапутиннің де ұшқыш боламын дегені бос сөз болмай шықты (А.Мак.). 4. ...ішіндегі қуанышын жасырып тұра алмады (Ғ. Мұст.).
5. – Алдияр, көшпейін деп отырған – біз жоқпыз... (Ғ.М.). 6. – Россияда түбі бір жақсылық тумай қоймай-ды (М.Ә.). Біз мұны ұмытуға тиіс емеспіз (Ә.Әлім.). 8. Бұның да есебі жоқ емес-ті (М.Ә.). 9. – Жаман емес екен (Ғ. М.). 10. Абай... Мағыштың сақтығын теріс көрген жоқ (М. Ә.). 11. – Ойбай, жеңге, біз сөгетін адам емеспіз... (Б.М.).
3-тапсырма. Сөйлемді түрлеріне қарай талдаңыз.
Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қалған еді. Әр қыстаудың жанындағы тақыр ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға кең сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен тараған ауылдар, көрші туысқандары бар – барлығы қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты. Байдың қасындағы жас жігіттер саны – он екі. Мұның көпшілігі Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып Ерболды қосып алған. Жеті-сегіз күндік жол бойында Абай мен Ербол үнемі жұбы жазылмай, бірге болған. (М.Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет