Дістемелік кешені



бет83/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтіндегі қосымшалардың қандай орфографиялық принциптер негізінде жалғанғандығын түсіндіріңіз. Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіз. Күрделі сөздер мен сөйлем мүшелерінің бөлек немесе дефис арқылы жазылатын түрлерін саралап бөліп, ол сөз тұлғаларының солай жазылуына түсінік беріңіз.
Қазақстан нұр дидарлы өлкеге, күн шұығылалы елге айналды (С.Қ.). Кенжетайдың айтуынша, ол (Сарыбас) мұрнын көкке көтерген, текепар (такаббар), тірі пендені (фанданы) менсінбейт (С.М.).
Қатар-қатар тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
Көк лағым көгенде жатып семірер (жұмбақ).
Жайлаудың кең, жазық беткейі төсін де үйір жылқы жайылып жүр (Т.Ә.). Бұл – ақ құба, сымбатты, жұп-жұмыр, қаз мойын, ботакөз сұлу жан (І.Е.). Киімді де өте жұпыны киетін, көзінде көзілдірік, бір қолында таяқ, екінші қолында кітап болатын (Ә.Ә.).
“Келгендеріңе көп болған жоқ”, – деп әңгіме бастағанды кішкентайдан кейін Жанбай ата. Бір жетідей-ақ болды. Егіз қозыдай, екеуі жұбын жазбайды. Күнде таңертеңгілік алғашқы күн нұрымен Жасылкөлге шомылады. Біріне-бірі еркелеп, біріне-бірі назданып, қанатттарымен су сабалап, асыр салып кеп ойнайды. Одан кейін су тілгілеп, биікке көтеріліп, көлді екі-үш айналып ұшады да, шығысқа қарай бет түзейді.
Жарықтық аққу – құс төресі, құс біткеннің асқан сұлу, асқан ақылды падишасы ғой. Анау-мынау шалшық көлдерге қона бермейтін тазалығы аса талғампаз, тәкаппар құс екенін былай қойғанда, оның қанат қаққаны, айдын көлге толған мойын бұрып, сабырлы сазды қимылмен толықси жүзгені қандай! Атамыз қазақ аққуды қатты қадірлейді. Естеріңде болсын, оны ешқашан атпайды (Ы.Кененбаев, “Інжу-маржандар”, 1-бет).
Біз өзінің сұлу табиғатымен “Жер шоқтығы” атанған Көкше жерінің Зереді орман шаруашылығы қарауыл үйшігінде тұрмыс. Бұл жерден Көкшенің көз жетер жері алақанға түсіп, құбылып, құлпырып жатады. Айналаң толы масатыдай төгілген, шегі жоқ, шеті жоқ жайқалған жасыл орман. Басқалардан асқақ көрінген Зеренді тауы да орман жамылып, нар өркештеніп, мың бұралып барып, сағым қуалап көз жоғалтады. Дәл астында аунап түсіп, шалқасынан жалтырап жатқан Зеренді көлінде үзіліп түскен күн нұры ойнайды (Ы.Кененбаев, “Інжу-маржандар”, 11-бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет