Дістемелік кешені



бет96/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 2].

15 БАОӨЖ тақырыбы: Жай сөйлемнің құрлысына қарай бөлінетін түрлері.


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдердің толымды немесе толымсыз, жақты немесе жақсыз екендігін анықтаңыздар.
Саған көп жүруге болмайды ғой. Үшеуі өзен бойлап кетіп барады. Кешеден бері таба алмад, қарамаған жері жоқ. Сабыр Аршалыдан шыққалы көп те болмап еді,. Алайда күн ұясына қонатын да мезгіл келіп қалған екен. Енді далада түнемеу үшін, құла атын тақымдай бастады. Тай, құнан кезінен-ақ иесінің сырына қанық ат әудем жерді әп-сәтте жүріп тастады. Ұясына күн де батты, барар жерге де көп қалмады.
2-тапсырма. Сөйлемдерді мақсаттық түрлеріне, құрылымдық түрлеріне талдаңыздар. Белгісіз жақты сөйлемдерді бір топқа, жалпылама жақты сөйлемдерді бір топқа бөліп жазыңыздар.
Тілдері салақтап, әрең ілбіп келеді. Біздің жақта ағашты балтамен бұтайды. Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғ.Мұст.). Еңбек етсең – емерсің (Мақал). Сол кезде тынысың кеңігеннен «Пау!» дейсің салқын ауаны қаба жұтып. Барымташылар таң алдында келді. Алдарында айдаған он-онбес қаралы тай-байтал бар. Өздері әбден шаршағанға ұқсайды, ләм-мим деп тіл қатыспастан, аттарын қаңтара бастады.
3-тапсырма. Сөйлемді құрылымдық түрлеріне қарай талдаңыз.
Әр қыстаудың жанындағы тақыр ақ үйлер, қоңыр үйлер көрінетін. Кемпір-шалы бар үйлер тамнан түгел арылып шықпай, жастар жағы ғана тынысы кең киіз үйлерін көтерген тәрізді. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген. Алшынбай бұлар келер қарсаңға кең сулы, кең бір жазыққа кеп қонған екен. Қазыбектің өзінен тараған ауылдар, көрші туысқандары бар – барлығы қырық шамалы ауыл осы жерге сіресе қоныпты. Байдың қасындағы жас жігіттер саны – он екі. Мұның көпшілігі Ырғызбайдың жастары және күлдіргі Мырзахан, атшабар Жұмағұл. Жақын туысқаннан Тәкежан бар. Осы топқа Абай өзі шақырып Ерболды қосып алған. (М.Ә.)
Негізгі әдебиет: 1. [1.7:26], 2. [1.7:27], 3. [1.7:25].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет