Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 25], 2. [1.7: 26], 3. [1.7: 27].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 1], 2. [1.7: 14].
№ 14 БАОӨЖ тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Анықтауыш және айқындауыш.
Тапсырмалар: 1-тапсырма. Қандай сөздер сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтап, себебін түсіндіріңіздер.
Ал, Абай, елдің амандығын айттың. Жә, енді өзің қаланың жамандығын есіттің бе?
Рас, Ибрагим Құнанбаевич, кейде өмір солай сұм болатыны да рас. Тегі, мен әлдекімдерге ұнай бастаған болуым керек. Ойбай, Тентекжан-ау, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді. Жаратпайтындай болса, не айтатыныңды ойла, бала. Жә, жануар, қиқарлығыңды доғар! Иә, менің ойлағаным да осы болатын. Ағатай, кешірім етіңіз, сөзімді берейін.
2-тапсырма.Дара және күрделі мүшелерді ажыратыңыз, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Жиренше Әйгеріммен ауыздай сөйлесіпті. Қыз көркі оған да аса жаққан екен. Әсіресе, ақылы, мінезі қатты ырза қылыпты. Абайға енді ғана мәлім болды. Хат жазысқан соң көп ұзамай-ақ Әбдірахман Щұғамен жақындасып кетті. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Есімбектікіне қымыз іше қыдырып барсам, Шұға жайраңдап қоя береді.
3-тапсырма. Үйірлі мүшелерді тауып, астын сызыңыздар және пысықтауыш мүшелердің жасалу жоын түсіндіріңіздер.
Кетерде Сәлмен айтқан абақты тегін емес. Өз қолтықтарыңда жүрген, өздері аттандырып жүрген анық баукеспе ұрыларын бермей, тығып-сүйеп қалу үшін де Бақтығұлдай панасыз жалғыз сияқты алдымен құздан ұшырады. Қонаққа тігіліп жатқан үйлердің ортасынан Абай өзі тіккізетін үйлерге бөлек орын тілейді.
Ұялғаннан үндемеуге тура келді. Біз коллектив аулы болып отырғанымызға қуанып қоямыз. Әрі-бері түзелер деп қарадық та, болмағасын шығарып жібердік. Соның кесірінен көп кедей кіре алмай қалды. Қыстыгүні оқу үшін Болжықтың бір бөлмесін үлкен етіп салдық. Жақын түссе, қыдырыс көбейеді деп, әдейі осылай етеді. Күнге күйген қара торы жігіт ұялғаннан күрең қызылданып кетіпті. Мен ерте келгендіктен біразын еңсеріп тастадым. Келіспейтінімді сезген соң әдейі алдымды орап кетіпсің. Көзбен көріп қалайын деп жеткен екен. Қуанғаннан жүгіріп осында келіпті, байғұс.
4-тапсырма. Төмендегі мысалдардан бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді табыңыздар, олардың қай сөз табынан екендігін анықтаңыздар.
Бұхара, Хиуа арқылы келдік, бүгін ғана қолға түстік деп тұр (Ғ.М.). Ойланыңыз, өлшеңіз, жауабын содан кейін бересіз (С.М.). Құлаштап сермелген әлпеншекке Абай мен Тоғжан кезек-кезек биіктей түсіп, теңселіп тұрып ән шырқасты (М.Ә.). Аталас ағайынға, қоныстас ел-жұртқа сауын айтысқан жігіттер де келіп қалар кешікпей. Қамбар батыр – ауыз әдебиеті нұсқаларының кейіпкері. Сұрасаң менің атым, Біржан салмын, Ешкімге зияным жоқ жүрген жанмын. Жазушы-ғалым дейсің бе, ақын-жазушы дейсің бе, әйтеуір, небір саңлақтар жиналған-ақ екен онда. Сол арманын Ербол әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асылбектің келіншегіне айтыпты (Әуезов). Мейрам мен Щербаков әңгімелесіп отырғанда, келген - осы Орлов (Мұстафин) т.б.
5-тапсырма. Есімдіктерді бастауышы етіп сөйлем құраңыздар.
Кім, осы, өзің, баршасы, біразы, ешкім, кейбірі, мынау, сол, ол, біреу, бәрі, тұтас, ешнәрсе, ешбір.