3-тапсырма. Күрделі сөздер мен сөйлем мүшелерінің бөлек немесе дефис арқылы жазылуына мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 10], 3. [1.7: 13].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 8], 2. [1.7: 9].
№ 7 БАӨЖ тақырыбы: Сөз мағынасының ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Барлыбаев Р. «Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен таралуы» еңбегінен «Мағынаның кеңеюі мен таралуы» деген тақырыпта конспект жасаңыз.
2-тапсырма. Ауыспалы мағынаның берілу жолдарын түсіндіріңіз.
Көкек айы. Мал төлдеп, жер көгеріп, құс ұялаған кез. Әмірқан Дәулетжан – үшеуміз Керуенкөлге құс атуға бардық. Керуенкөл қалаға қырық шақырым. Екі мылтығымыз бар, қос алып барғамыз.Екі күн жатып, қайықпен жүріп, қамыстың арасынан қаздың жұмыртқасын теріп, құс атып кенелгеміз. Дәулетжан көл жағалап кеткен. Кешке таман Әмірқан екеуміз қостың алдында қаз жүндеп, жұмыртқа асып отырып әңгіме құрдық. Әмірқанға “Басыңнан кешкен бір қызық әңгімеңді айтшы дедім” (Ж.Аймауытов).
3-тапсырма. Сөз мағынасының ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдері туралы баяндаңыз.
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 17], 3. [1.7: 18].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 6].
№ 8 БАӨЖ тақырыбы: Көп мағыналы сөздер және омонимдер.
Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтіннен көп мағыналы сөздерді теріп жазып, олардың мағынасын анықтаңыздар.
1. Қыс өтіп, көктем шықты. 2. Ал дегенде алынбас қамалдай боп көрінген қыраулы қысты артқа тастағаннан бермен де Барханда бәрібір маза жоқ. 3. Бел шешіп, аяқ суытар шақ көзден бұлбұл боп ұшқалы қашан. 4. Бірінің артынан бірі иін тіресіп келіп, желкеңе мініп олар қойшы тірлігінің таусылмас шаруасы қанша жалықтырса да қашып құтыла алмас-шаңқай түстегі өз көлеңкесі іспеттес еді. 5. Шаңқай түс демекші – қырықтың бесеуіне шыққан ауар сәті тым жақын қалғанын алғаш рет есіне алды.
2-тапсырма. Келтірілген үзінділердегі бір-біріне омоним болатын сөздерді тауып жазып,омонимдер қатарын құраңыздар.
1. Далада екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Өзара қосылмаса ынтымағың,
Жем болдың көрінгенге әрбір жайда (С.Тор.)
2. Көріп жүрсем күндеймін
Көрмей жүрсем түндеймін.
Қимақ тұрсын жат жаннан
Көлеңкеңді күндеймін! (С.Тор.)
3-тапсырма. Келтірілген сөздерге омоним болатын сөздерді тауып жазыңыздар.
Барыс, бақ, бақыр, баспа, безеу, бұршақ, дана, жазу, салт, сырттан, тап, еңбек, парла, түбек, ұшық.
Достарыңызбен бөлісу: |