Дістемелік кешені



бет101/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 13], 5. [1.7: 16].

9 БАӨЖ тақырыбы: Синонимдердің мағыналық, стильдік реңктері.


Тапсырмалар
1-тапсырма. Төмендегі сөздерден синонимдік қатар құраңыздар,оларға ұйтқы болып тұрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіңіз.
Абайлау, аласа, алыс, араз, асығу, ауру, бала, барлық, бет, дардай, зат, кездесу, кенеттен, қорқу, мезгіл, реті, сотқар, тәрізді, уайым.
2-тапсырма. Үзінділерден бір-біріне синоним болып тұрған сөздерді табыңыздар.
Бір-бірін қиып кете кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы-зарға ұқсап, өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. Бірлесіп қарсылық көрсеткен үш ру ел біржолата қойындасып, құшақтаса араласып жатыр (М.Ә.).
3-тапсырма. Ә.Болғанбаев «Қазақ тіліндегі синонимдер» атты еңбегінен синонимдердің пайда болу жолдарын конспектілеңіз..
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 15], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 6], 2. [1.7: 16].

10 БАӨЖ тақырыбы: Диалект және кәсіби сөздер. Қазақ тілі лексикасының стильдік түрлері.


Тапсырмалар
1-тапсырма. Сөйлеу тіліне тән тілдік ерекшеліктерге талдау жасаңыз. Стильдік бояуын көрсетіңіз.
Жұрт жан-жағына қаранды. Ешкім шыққан жоқ..
– Енді қайттік?
– Мен азырақ танушы едім – деді Қартқожа.
– Е, әйда! – деп, Қартқожаны дедектетіп ортаға алып барды. Кінегені қолына ұстатты. Тап «Құрандай» үлкен кітап. Қартқожа судыратып кете алмады: «Посемейни спесок» әрең дегенде тасымалдап шығарды.
– Сыртын қойып, ішін оқы! Менің атым бар ма екен? Мені қарашы! – деп жабырласты. Қартқожа ішін ашты. Киліккен жерден оқыды:
– Жылқайда малбагароп...
– Жылқайдар бар ма? Жылқайдар... – деп дауыстады қасындағы жігіттер. Жоқ. Қартқожа: «жена... Күн... Жамал...».
– Күнжамал бар ма?
– Қатынның аты емес пе? Қартқожа: «Мат... жания».
– Тәйірісі, қатынды қойып, еркекті оқысай!
Жігіттер анталап, алқымынан алды. Қартқожа тез оқи алмады. Басып барады. Ыстық тер ақты. Кейбірінің аты келсе де, жасы келмейді, не әкесі бөтен болып шығады. /Ж..Аймауытов. «Қартқожа» романынан үзінді/
2-тапсырма. Диалект сөздерді тауып, орнына әдеби сыңарларын қойып жазыңыздар.
1. Теңізде балықтың нәндері болады. 2. Ірге жағынан көпшік алып, Еділханға тастады. 3. Биыл бұйақта қар қалың. 4. Күләш күйенте мен шелегін алып, суға жөнелді. 5. Біздің астығымыз борада сақтаулы түрады.
3-тапсырма. Мәндес сөздердің қайсысы диалект, қайсысы әдеби тілдегі сыңары екенін ажыратыңыздар.
Сүгірет - сурет; кигіз - киіз; кәте - қате; сым -шалбар; жайсаң -жақсы; көрім - әдемі; құйттай - кішкентай.
4-тапсырма. Төмендегі мысалдардың қайсысы табу, қайсысы эвфемизм және дисфемизм екендігін ажыратып, эвфемизм және дисфемизмдердің сол орындарын сақтай отырып тұтас мәтін құрап жазыңыздар.
Ауыл сыртындағы аршалы бетте атекем тәкемді зыттыра қуып бара жатыр екен, осы ауылдағы жәкемдердің бәрі соларға қарап үріп жүр («Қазақстан әйелдері», 1967, №7, 27-бет). Туберкулез – құрт ауру; жасы кіші – боғымен жасты, ауруы, ат – бұт артар, сифилис – самал немесе мұрнына жел түскен, бала – боқмұрын немесе бозөкпе, кедей – қалтасы тесік, жарын аттап кету – көзіне шөп салу, сөзуар – қырт, жылқы – тулақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет