Дістемелік кешені



бет102/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111
Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13].

11 БАӨЖ тақырыбы: Күрделі сөздің тұрақты тіркес пен еркін сөз тіркесінен өзгешеліктері.


Тапсырмалар
1-тапсырма. Келтірілген сөйлемдердегі тұрақты тіркестердің фразеологизмдердің қай түріне (идиомалар, фразеологиялық тізбектер мен тіркестер, нақыл және қанатты сөздер) жататынын айырып жазыңыздар.
Абайды қамаған жаулықты тағы бір өзінің ауылынан, аталас бауырынан шығарсам дегенде, Оразбай ішкен асын жерге қояды. Мен саған ағымнан жарылып, бар шынымды айтып отырсам, Молдағазы кейіп қалды. Бірақ ел құлағы елу, отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге жетеді. “Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлесін” деген сөз рас екен, - дейді Болатбай демін соза алып, дәулеті бар кезінде басына бақ оралды мұның. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аязды күндермен түндерді елемей жүріп келеді (С.Бақ.).
2-тапсырма. Сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазып,олардың ішінен еркін тіркестерді бір бөлек,тұрақты тіркестерді бір бөлек айырып жазыңыздар.
Игілік би ақаынды ұзын арқан,кең тұсаумен маңайынан ұзатпай, өрелеп ұстайды. Құдық тоғанына оралған ұзын арқанның бір ұшына үлкен екі мес байланған. Бала кірпік қақпай көрер таңды көзімен атқызды. Тізгінді тең ұстамаса,жас жылқы сыңар езу болады. Талап үлкен, тындырғанымыз аз. Ойласаң ұйқың шайдай ашылады. Раушан қалтырап тұр,өкпесі аузына тығылып сөйлеуге ерік бермейтін секілді. Екінің бірі.егіздің сыңары. (мақал). Тайжан екі өкпесін қолға ала Мақсұттың үйіне қарай бар пәрменімен жүгіре жөнелді (С.М.).
3-тапсырма. Төмендегі мысалдардың қайсысы мақал, қайсысы мәтел екендігін ажыратыңыздар.
Жаман ат жолда қалдырар, жаман жолдас қолда қалдырар. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын. Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі. Сабыр түбі – сары алтын. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. Оқу инемен құдық қазғандай. Алмас қылыш қап түбінде жатпайды. Ырыс алды – ынтымақ. Алдыңа келсе, әкеңнің құнын кеш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет