Дістемелік кешені


Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуы



бет42/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай топтасуы: Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз Бұйрықты сөйлемдер. Бұйрықты сөйлемдер сөйлеушінің біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтқан пікірін білдіру үшін жұмсалады. Лепті сөйлемдер. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз. Хабарды, информацияны баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің дербес айтылатын жай сөйлемдерен елеулі, түбірлі өзешеліктері де бар. Ең алдымен, құрмалас сөйлем компоненттерінде жай сөйлемге тән дербестік жоқ, олар құрмалас деп аталатын бір бүтін сөйлемнің жеке бөлшегі ғана. Бүтіннің бір бөлшегі болғандықтан құрмалас сөйлем компоненттерінде мағыналық та, интонациялық та, кейбіреулерінде формалық та тиянақтылық болмайды. Ондай тиянақтылық мәнге құрмалас құрамындағы барлық компоненттер біріккен жағдайда ғана ие болады. Өйткені құрмалас сөйлем дегеніміз кез келен жай сөйлемердің кездейсоқ тіркесе салған тобы емес, оның компоненттері бір-бірімен органикалық байланыста, берік бірлікте тұрады. Және біріне-бірі бағынышты, өзара шарттас болып келетін мағыналық күрделі бір бүтін болып есептеледі. Егер компоненттердің бірлігі бұзылса, олар өздерінің бірлікте тұрғандағы мәндерін жояды.
Құрмалас сөйлемнің өзіндік сипатына байланысты айтылатын тағы бір жайт – құрмалас сөйлем мен жай сөйлемдердің функциялары туралы. Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де (рас, бірі жалаң бір ойды, екіншісі жеке ойдан құралған күрделі ойды білдіреді) ойды жарыққа шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің өзара түсінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұнарында.
Құрамы жағынан алғанда жай сөйлем – жеке мүшелерден (сөздерден) құралады да, құрмалас – сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана (мүшелерге) жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі – сөз, екіншісінің мүшесі – сөйлем. Жай сөйлемде бір ғана предикаттық орталық болса, құрмалас сөйлемде кем дегенде екеу болады. Бұл – жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері, ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешелігі – олардың бірінің (жай сөйлемнің) жеке бір ғана ойды білдіріп, екіншісінің (құрмаластың) күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін, интонациялық жағынан бір бүтін болып тұратын сөйлемдер жатады.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне қарай, құрмалас сөйлем әрдайым көлемді болады да, жай сөйлем оған қарағанда көлемсіз болады деген қорытынды шығармау керек. Сөйлемнің құрмалас болуы оның көлеміне байланысты емес, айтылмақшы ойдың ерекшелігіне қарай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет