Дістемелік кешені



бет41/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Негізгі әдебиет: 1. [1.7: 17], 2. [1.7: 18], 3. [1.7: 19].
Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 16].

11 дәріс тақырыбы: Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрлысына қарай жай және құрмалас сөйлем болатыны. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері.


1 сағат. 11-апта
Дәріс тезисі: Синтаксис – (грекше syntaxis) – грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі мен тіркесу тәсілдері, формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түрлері қарастырылады. Сөйлем синтаксисі іштей екі салаға бөлінеді: жай және құрмалас сөйлем синтаксисі. Орта мектепте: “Тиянақты бір ойды білдіретін сөздердің тобын сөйлем”, – дейді. Негізінде, бұл дұрыс, бірақ өте жалпыланып айтылған. Кемшілігі: анализ жақтарын кіргізбеген. Сөздердің тобы деген жеткіліксіз, оны сөздердің қарым-қатынасына, сөздердің грамматикалық байланысына бағындырып беру керек. Сондықтан сөйлем дегеніміз белгілі бір тиянақты ойды білдіретін, өзара қарым-қатынасы бар, өзара грамматкалық байланысы бар сөздер деуіміз керек. Бұл да жеткілікті емес. Сөз бен сөздің қарым-қатынасы дегеніміз жай сөйлемге ғана қатысты, шынында, сөйлем дегеніміз сөйлем мен сөйлемнің (құрмалас сөйлемге, диалогты сөйлемге қатынасты) қарым-қатынасы да енеді.
Сөйлем – сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік.
“Тиянақты ой” дегеніміз относительді нәрсе ғана. Өйткені ойдың қыры көп. Алдыңғы сөйлем мен артқы сөйлем мағына жағынан байланысты. Кейде алғы, кейде артқы сөйлем өздігінен тиянақты болмайды, бірін-бірі толықтырады, кейде екеуінің бірлігі бір я бірнеше сөйлемнің бірлігі бүтін бір ойды тиянақтайды. Олай болса, тиянақтылықтың да шегі бар екендігінде дау жоқ. …Ой өте кең нәрсе, олай болса, үнемі бір сөйлеммен абсалют тиянақтап қалады деуге болмайды, тек относительді тиянақты дейміз. Өйткені кейбір құрмаластағы, диалогтағы бір сөйлем субъектінің бір жағын ғана көрсетеді. Жеке сөз де СТ тәрізді болып келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға – сөйлемдің сапаға ие бола алады. Осыдан шығатын қорытынды – сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтын мыналар: Сөйлем бір, екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді. Сөйлем пікірді, яғни болмыстағы заттардың өзара қатынасын білдіру үшін жұмсалады. Бастауыш-баяндауыштың қатынасы предикативтілік деп аталады. Предикативтік қатынас – сөйлемнің негізгі грамматикалық белгісі. Сөздер бірі бастауыш, екіншісі баяндауыш болып предикативтік қатынасқа түскенде ғана сөйлем сапасына ие болады.
Екіншісі – жақтық форма. Пікір алысу әр уақыт үш жақтың қатысуын ескеріп құрылады.
Үшіншісі – рай формалары. Бұл форма айтылған пікірдің болмысқа, шындыққа жанасымдылығын білдіретін форма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет