Дістемелік кешені



бет77/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден мезгіл бағыныңқылы мен мезгілдес сабақтастарды ажыратыңыздар, бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріңіздер. Олардың бағыныңқы компонент баяндауыштарының жасалу тұлғаларын айтыңыздар.
1). Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Ғ.М.). 2). Алдыңда ағаларың барда, жоқ таңдамай тұра тұр (I.Е.). 3). Абай Семейге келгенде, Михайлов оған орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті (М.Ә.). 4. Етті екі кескенде, бір кескені ауызға түсті (Ғ.Мұст.). 5. Бірақ Федя бір жасқа шығар-шықпаста, Анна Павловна өлімші науқас болды (И.Т.). 6. Әйел кетерде, бұл айғайлап та қояды (М.Ә.). 7. Енді біразда Жұманның көптен күткен қазаны түсіріліп, жұрт асқа әзірлене бастады (М.Ә.). 8. Астынан қаракөк арғымағы түспесе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.М.). 9. Шай қойылып, ет асылып жатыр (С.Тор.). 10 Үш ай өтпестен, жігіт Лондондағы орыс елшілігінің кеңсесінен орын алды (И.Т.). И). «Аманкелдіге» келісімен, бұл арман шыңына жетті (Ғ.Мұст.). 12. Бала би атқа мінгеннен, Жұртқа хабар тарады (Н.Б.) 13. Олар танысып болғанша, кең шалбарының терең қалтасына қолын сұғып, ойын бұзбастан ерсілі-қарсылы біраз жүрді (Ғ.Мұст.). 14. Жасы ұлғайған сайын, адам көңілшек те, көп ойлағыш та келеді (Ғ.С).
3-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыз. Олардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажыратып көрсетіңіз.
Жайлау биыл ерте көктеді. Наурыз туғалы бері, көк қаулай жөнелген. Көңіл қаншалық қиял құшып аласұрса да, Абай амалсыз көнді. Әрі шешесінің сөзін қимады, әрі айналаға теріс мінез көрсеткісі келмеді. Беткейге шықса, арғы жағы көл екен. Шыңғыстаудағы ел бауырға көшпей, жаулауға асығып отыр.
4-тапсырма. Сабақтас құрмаластардың тыныс белгілерін қойыңыз. Бағыныңқы сыңарларының баяндауышын тауып, олардың қандай тиянақсыз тұлғада тұрғанын түсіндіріңіз.
Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда бала көрінбеді. Мұсақұлға келсе Базаралы да сонда екен. Ат өнері білінбес бәйгеге түсіп жарыспай. Мұстафа онан жаман кектене түскенмен мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Туысқан бола тұрып екеуі жат адамдар сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет