Дістемелік кешені



бет73/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

2-тапсырма. Төмендөгі сөйлемдерден сабақтастық қатынастағы еркін (синтаксистік) сөз тіркестерін тауып, оларды мынадай белгілері бойынша анықтаңыздар: а) құрылысына қарай жалаң, күрделі; ә) бағынықты, басыңқы сыңарларының қай сөз табынан жасалғаны; б) сөз тіркестерінің сөйлем мүшесі қызметінде (тұтас түрінде немесе әр сыңары дербес түрінде) жұмсалу ерекшеліктері.
1. Еріншектің ертеңі бітпес, жеңілтектің селтеңі бітпес (мақ). 2. Ақылмен мыңды, ақырумен бірді ғана көндіресің (Ғ.Мұст.). 3. Жаңсы сөз жан сүйсіндіреді (М.Ә.). 4. Мен, Олег Кошевой, Жас гвардия мүшелерінің қатарына кірерде өзімнің қарулас достарым алдында, қасірет шеккен туған жерімнің алдында, бүкіл халық алдында салтанатты түрде айнымас ант етем... (А.Ф.). 5. Халық қолданып жүрген сөздің бәрі әдебиетке ене алады (М.Г.). 6. Дарвин – сөзге сараң, салмақты, сабырлы адам болған (К.Т.). 7. ...сол жоспарды іске асыру жолында Байжанның жарғақ құлағы жастыққа тимеді (С.М.). 8. Салым суға кеткендей, жабырқау тартып үйге келдім... (Ғ.М.). 9. Студенттер – біздің болашағымыз, біздің орнымызды басатын адамдар «С.Қ.»). 10. Тамылжыған дала, жібектей жұмсақ ән, көңілді тыныштық Олжабекті де әлдилеп келе жатқан сияқты еді (Ғ.Мұст.). 11. Игіліктің өр мінезінен шошына жүретін кәрі би Боздаң өз ойындағы бір түйіншекті шеше алмай отыр (Ғ.М.). 12. Бүгін де күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт болатын (М.Ә.).
3-тапсырма. Сөз тіркестерін есімді, етістікті түріне ажыратып, әрқайсысын бөлек топтап жазыңыз.
Жаңа мекен, балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, халық қазынасы, ақталған сенім, малшыға қамқорлық, кенге бай, мерекеге ұласу, таудағы мұнаралар, үш нәресте, қаланың көмегі, дәрігерге алғыс, суыққа шыдамды, бөлмені безендіру, ерте тұру, көруге құштар, бүгін жолығу, бетегеден биік, жусаннан аласа.
4-тапсырма. Сөз таптарының қайсысы сөз тіркесі, қайсысы күрделі сөз немесе күрделі тіркес екенін анықтаңыз.
Қара торы, қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды, он сегіз, сегіз ай, жұмған аузын ашпау, сіркесі су көтермейді, мөлдір су, асығып-үсігіп, зыр жүгіру, көпір арқылы, көпірден өту, селт етпеу, табыс ету, куә болу, күзге қарай, жақсы көру, әдемі жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет