Дістемелік кешені



бет91/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

Қосымша әдебиет: 1. [1.7: 12], 2. [1.7: 13].

11 БАОӨЖ тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары


Тапсырмалар:
1-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септіктегі сөздің қандай етістікпен тіркесіп тұрғанын айырыңыздар.
Ашу жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.
Аяз, әліңді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл.
Тұлпар түбін табады.
Шешен сөз бастар,
Адал кісі ел бастар.
Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
Ақымақ құлақ салмайды.
Біреудің адал жібін аттамайды.
Өтірікшіні үйіне қуып тық.
Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, ондағы етістерге талдау жасап, етістің түрін ажыратып, қалай жасалғанын, мағынасын түсіндіріңіздер.
Райхан көз қиығын Нұржанға аударып еді, ол қысылған да, шамданған да жоқ... Күзгі жауынға іліктірмейді. Райхан екеуіне кезек қарап, ой таразысынан өткізіп отыр. Нұржанның дәл осы бір сөзі дәлелді, тауып айтылған сияқты... Хатшымен дауыс көтеріп, айқайласуға бола ма? Айтылмаған үрейлі сөзді Нұржан өзі сезуі керек (З.Шашкин).
3-тапсырма. Есімшелерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңыздар.
Көзілдіріктер мен үлкейтіп көрсететін лупалар да шыныдан істелген.(Н.С). Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар (Мақ.). Қыстаудың ық бетін қалың қырау басқан (М.М). Аяңдап көз де жетер, құстар топ-топ болып ұшып жүрер (И.Ғ.). Мінген атын жаратқан, елді аузына қаратқан (Ж).
4-тапсырма. Төмендегі мәтінді оқып, ондағы етістіктерді құрамына және болымдылық-болымсыздық, рай, шақ, жақ категорияларына қарай талдаңыздар, түсіндіріңіздер. Тұлғасына назар аударыңыздар.
– Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атанғаны, бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айырыласың десе, байы бір діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қып алдап отырсың деп, Отамалыны сабап-сабап, қойды жайылысқа шығарады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп, қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы – «Отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр сонны біледі ғой деді Қарабас (М.Ә.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет