Дістемелік кешені



бет93/111
Дата19.05.2022
өлшемі278,18 Kb.
#35017
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
Лекциялар Практикалы бо ж б Ж 120 15 15 10 80 ызылорда,2019

5-тапсырма. Үстеудің түрленуіне талдау жасаңыздар.
Осы биылға шейін өмірім өзеннің ағын суындай бір арнамен аға берген (З.Ш.). Оңашада жылап та алғам (З.Ш.). Кешеден тосып жүр (Ә.О.). Мыналар ертеңге шейін отырады (З.Ш.). Оларды кешке жақын шығарды (З.Ш.). Төменде күтіп тұр (З.Ш.). Тезірек қимылда (З.Ш.). Шешеме кешірек қайтармын дедім (З.Ш.). Жоғарыдан бетімен бірдеме торс ете түсті. Қасым ертеңінде өрген қоймен бірге оянды (З.Ш.). Қадиша кенет орнынан тұрды (З.Ш.). Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін... – деді ол қызарып (З.Ш.). Тегі іштей маған сенбей келе ме, кім білсін (З.Ш.). – Сәлем! – дедім, әдейі айқайлай амандасып (З.Ш.). Сенімен бұлай ешкім сөйлескен емес (З.Ш.). Жапас төмен қарап, тұқырайып отыр (З.Ш.).
6-тапсырма. Үстудің мағыналық, морфологиялық ерекшелігін, синтаксистік қызметін талдаңыздар, сөйлемдегі орнына, тіркескен сөзіне назар аударыңыздар.
Орнымнан шұғыл тұрдым. Әрқашан да осылай, ешкім сенбейді маған. Кеше жауабын берем деп уәде еткен едім. Жолшыбай соғамын. Қадиша киініп те үлгерген, қайтуға әзір тұр екен. Ертең, бірсігүні не бітіресіз? Міне, бүгін келді. Зорға шыдап, қиналып жатқан адамның кейпі бар. «Кейін-кейін» деп, қабылдамайды. Манадан бері неге айтпадың? Бұл - әншейін жол-жөнекей айтылған сөз. Мен балаша сақ-сақ күлдім. Орнымнан шұғыл тұрдым. Қасына қайта отырғызды. Кетуге әзір тұр екен. Ерте ояндым. Балаша жоғары көтеріп алдым. Ыза кернеп зорға тұрмын (З.Ш.).
7-тапсырма. Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшелігін, ол ерекшеліктің дыбыстық құрамға қатысын көрсетіңіздер.
Шегебай зілдей саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп оятты (Б.Т.). Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б.Т.). Ақлима шаңын қағып, бұлқан-талқан болып сілкініп қалды (Б.Т.). Шегебай да қанын ішіне тартып, қалш-қалш етеді (Б.Т.). Өрт шарпыған ағаш үйдің ішінде шыр-шыр етіп, әйелі, жалғыз баласы қалған (Б.Т.). Бермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен қорқамын (Ә.О.). Аюкеніме оңашалана бергенде, күңк ете қалып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті (Ә.О.). Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр (Ә.О.). Қазан шымыр-шымыр қайнап жатыр (Ә.О.). Мырс-мырс күлді бастығым (Ә.О.). Жүрегім зу ете түсті, суық тер бұрқ етті (Ә.О.). Ол әуелі сылқ-сылқ күледі (Ә.О.).
8-тапсырма. Жекіру, шақыру одағайларын табыңыз.
– Жә, жігіттер, сөз бен істі таныдық қой, Мағаш шырақ, барды көрді ғой көзің? (М.Ә.). Тәйт, жу қолыңды (Ш.Қ.).Тәйт! – деп жұлып алды да, босағаға бір-ақ соқты (Ғ.М.).
– Жә, жарайды онда, тек тоңып қалма, қарағым. – Тәйт, желіктірме ақымақ немені. Жә, жә, жетер енді. Жә, тоқтат, бөрінің бөлтірігі (Ә.С.).
9-тапсырма. Мәтіннен шылау сөздерді тауып, олардың қай түрге жататынын анықтаңыздар. Басқа көмекуші сөздерден айырмасын түсіндіріңіздер.
Кейін Ықыластың осы түсі ел арасына аңыз боп тарап кетті (И.Ж.). «Күшіне сенгені ме, жоқ әлде, найзагерлік өнерге жетік болмағаны ма» деп ойлаған Мұхтар Тәукенің ебедейсіз отырыс күйінен сескенейін деді. Аты да көп тебіндіріп, сылбыр қозғалып, басын бұра тартқанға бейім көрініп қиғаштайды (К.О.). Мал өсіру үшін қолда тұқымдық мал болу керек, онсыз еңбекпен мал табу болмайтын еді. Малсыз кедей тамақ асырау үшін байдың малын бағатын, бірақ онымен кедей байи алмайтын, өзі де бай болам деп ойламайтын; байға жалданған кедейдің есебі баю емес, тамақ асырау ғана болатын (А.Байт.).
10-тапсырма. Септеулік шылауларды тауып, олардың қай септіктегі сөздермен тұрғанын анықтаңыздар.
Жігітті басынан аяғына шейін барлап, жіті қарай бастадым (Ә.О.). Екі күн өткен соң, ауыл Көлқайнардан Шыңғысқа қарай көшті (М.Ә.). Бірақ ілгері жүріп, Тобықтыға қарай басқан сайын, осы жетек жүзге тарта болды (М.Ә.). Содан бері жортып жүрмін (Ә.О.). Садуақас қонақтар жайланғаннан кейін ғана келді (С.М.). Біз үйдің ығына қарай беттедік (Ә.О.). Осылай сақ-ақ отырған сияқты едім (Ә.О.). Себумен қабат қорғау керек (Ғ.Мұст.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет