Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер ету кезінде мұғалімге:
• іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
• өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты - деп баға берілуі мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеу жұмыстарымен шатастыруға болмайды. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу жұмысы жалпы үдерісті аяқтау тәсілі емес, диалог құру мақсатындағы ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша шағын болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын рефлексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады.
Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау.
Келесі қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Кеңесте қаралып, мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау. 2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау. 3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер. 4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру. 5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер. 6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық. 7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс. Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады, сонымен бірге мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.