ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
«ЖАРАТЫЛЫСТАН» ИНСТИТУТЫ
«ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ
«КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ »
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6В01514 - «Информатика»
білім беру бағдарламасының
студенттеріне арналған
Қызылорда, 2022 жыл
«БЕКІТЕМІН»
«Информатика және АКТ» кафедрасының
меңгерушісі _Тілеубай С.Ш.
«____» __________ 2022 ж.
2022-2023 оқу жылына
«КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ» пәнін оқу-әдістемелік ӘДЕБИЕТТЕРМЕН қамтамасыз ету картасы
Білім беру бағдарламасы (маманды-ғы)
|
Студент саны
|
Оқулықтар және оқу құралдары
(электронды тасымалдағыштағы)
|
Саны
|
Лекция конспектілері, зертханалық, практикалық және БАӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, т.б.
|
Саны
|
Семестр
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
Кітапханада
|
Кафедрада
|
1 сем
|
2 сем
|
6В01514 - «Информатика»
|
|
8
|
Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 608 б.
|
90
|
|
Бартлетт С.
Білім берудегі зерттеулер. Ауд.: Мизамхан Б.М.- 4-ші басылым.- Нұр-Сұлтан: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2020.- 464 б.
|
90
|
|
Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту: Оқулық / Э. Битэм, Р. Шарп; Ауд.: С.К.Омарова.- 2-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 328 б.
|
90
|
|
Сагалиева Ж.К., Кочкорбаева Э.Ш.,
Есекешова М.Д., Байжанова З.Т.
Жоғары мектептегі цифрлық дидактика / - Алматы: Бастау, 2021.
|
5
|
|
Омарова В.К. Инновационные подходы в образовании: Учебное пособие / В.К.Омарова.- Алматы: ИП "Отан", 2014.- 248 с.
|
25
|
|
Бұзаубақова Қ.Ж. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориясы мен практикасы : Монография.
- Алматы: Жазушы, 2009. - 456 б.
|
1000
|
|
Жеті модульді ықпалдастыра оқыту. 1-ші кітап: Оқу әдістемелік құрал / Жауап. ред. және құраст.: Дүйсембекова Л.- Алматы, 2013.- 156 б.
|
60
|
|
|
|
|
Бұзаубақова Қ.Ж.
Білім беру технологиялары. Инновациялық сабақ: Оқу әдістемелік құрал. - Тараз, 2008. - 40 б.
|
100
|
|
|
|
|
Пән оқытушысы ___________________________ Альменаева Р.У.
Дәрістік кешен
Лекция 1.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
Жаңартылған білім беру мазмұнының сипаты
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне ену бағытында жұмыстар жүргізуде. Бұл педагогиканың оқыту теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты. Себебі, білім беру ұстанымы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Бүгінгі күні мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отырады. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат пен жаңа мүмкіндіктерді қажет етеді. Ондай мүмкіндік тек білім арқылы келеді.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ерекше құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі – адамның болмысын, менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту.
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру үдерісінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары болып табылады.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру.
Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген жағдайдан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс.
Бүгінгі білім мазмұны жаңа нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгерген білімді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• білім алушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм болғандықтан, оны реформалаудың мәселелері де сан алуан. Қазіргі кездегі елімізде қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды.
Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес екенін бәріміз де жақсы білеміз.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Жаңа технология» ұғымын қарастырмас бұрын «педагогикалық технология» ұғымына тоқталайық.
Қазіргі кезде «педагогикалық технология» ұғымы біздің
педагогикалық лексиконымызға толық енді. Бірақ оның мән-мағынасы туралы әртүрлі пікірлер айтылады.
Түсіндірме сөздікте: «Технология – бұл қандайда болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» деп көрсетілсе, ғалым Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны «оқу үдерісіне белгілі бір мақсатты көздеу арқылы әсер ететін педагогикалық ықпал» деп түсіндіреді.
«Технология - өндірістік үдерісті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы», - деп технологиялық сөздікте анықтама берілген.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. /Кларин М.В./
Педагогикалық технология - практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалько Б.П./.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады
1. «Жалпы педагогикалық жүйе» ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту үдерісінің субъектілері мен объектілерінің өзара әрекет алгоритмі кіреді.
2. Салалық (пәндік) – бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
3. Локалъдік (модулъдік) – жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті – жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады.
Мысалы, орта мектепте 1-11 сынып аралығында жүргізілетін жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясы мен әдістемесін былайша құрылымдауға болады.
Бастауыш білім беру деңгейінде (1-4 сыныптарда):
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);
• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);
• түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);
• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
• іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);
• оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);
• ойын әдістемесі және оны қабылдау;
• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.
Орта буында (5-9 сыныптарда):
• проблемалық оқыту;
• іздену, зерттеу әдістері;
• топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);
• оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);
• нәтижелі технологиялар;
• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);
• өзіндік жұмыс әдістері;
• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
• оқытудың коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);
• дискуссиялық әдіс;
• дидактикалық ойындар.
Жоғары сыныптарда (10-11 сыныптарда):
• оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;
• өзіндік жұмыстың әдістемесі;
• іздену, зерттеу әдістері;
• нәтижелі технология, жобалау әдісі;
• даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);
• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;
• "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (Г.С.Альтшулер) ;
• бағдарламалы оқыту;
• әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;
• профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;
• тірек конспектісін қолдану;
• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;
• модульдік технология;
• семинар-сынақ түрлері;
• өз бетімен білім алу.
Бұл келтірілген жаңа педагогикалық технологиялар жаңартылған білім беру жүйесінде ерекше мәнге ие.
Жаңартылған білім берудің ерекшелігі – білім алушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі.
Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады. Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
Яғни, жаңартылған білім беру бағдарламасының мәні, білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін шынайы өмірлік қажеттіліктерге асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |