Практикалық (сарамандық) сабағының ерекшелігі: оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттармен нақтылы танысып, арасындағы байланысты анықтау. Белгілі бір затпен жұмыс жасай отырып, балалар әр түрлі деректерден алған білімдерін тексереді және дәлдей түседі, сарамандық сабақтарды топсеруеннен кейін өткізуге болады. Оқушылар затпен топсеруен кезінде табиғат аясында танысады, басқа заттармен байланысын көреді. Мұғалім тәжірибені алдын-ала жасап көреді, сабақтың мазмұны мен мақсатын анықтайды. Мұғалім оқушыларды заттарды ұқыптылықпен қарап, белгілерін ажыратуға үйретеді. Салыстыру әдістерін қолдана отырып, заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылығын табады, олар туралы ұғым қалыптасады. Мысалы: гербарийлер, коллекциялар (тұқымдар, насекомдар, көбелектер пайдалы қазбалар, рудалар), дәрілік өсімдіктер. Оқушылар көздерімен көріп, қолдарымен ұстап сипаттама береді, муляждар, глобус, карталармен жұмыс жасау оқушылардың байқағыштық, есте сақтау қасиеттерін арттырады.