Жалпы педагогикалық оқыту әдістемесі бөлімінің тұрақты құрал- жабдықтары:сынып тақтасы, магниттелген тақта, кестелерді ілетін құрылғылар, экрандық құралдарды демонстрациялауға арналған аппараттар, экран, үнемі пайдаланатын кестелер, ылғал препараттар, муляждар, гербарийлер, коллекциялар, тұлыптар, табиғи көрнекіліктер, бөлме өсімдіктерінің түрлері, аквариум, террариум, тордағы құстар, өлкетану бұрышы, әртүрлі муляждар, макеттер, модельдер.
Білімді бақылау мен жетілдіру бөлімінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған жалпы дидактикалық оқу құралдары болады. Бұлардың негізгілері: қосымша оқу құралдары, анықтама әдебиеттер, бақылау жұмыстарының текстері мен өздері жасаған карточкалар, барлық сыныптарға толық жететін есептеу механизмдері.
Биология кабинетін жақсы жабдықтау- ізденімпаздықты, табандылықты, іскерлікті, көп еңбек етуді қажет ететін аса маңызды іс.
Л4.1
(пункт материалы Л2.1)
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады,тереңдете сондай-ақ практикалық машық пен дағды қалыптастырады. Ол жоғары класта оқығанда қажеттілігіне жарайды, ары қарай дамиды.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шрының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отагы, отырғызылған уақыты жазылады. Әр өсімдіктің жарыққа, ылғалға температураға байланыстылығын, гүлдеу мерзімдерін бақылайды. Мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым тәжірибе жүргізеді, нәтижесінде өсімдіктерді ғылыми түрде танып білу, зерттеу шарттары орындалады. Бұл білімдерін күнделікті тұрмыста да қолданылады.
Класс кабинетінде аквариум, шағын террариум орналатыруға болады. Аквариумде тұрғылықты және аквариум балықтарының өкілдерін, су өсімдіктерінің түрлерін, моллюскалар ұстауға болады. Шыны арқылы су ішіндегі тіршілік әлемімен танысу барысында кез келген ортада табиғат элементтері бір-бірімен тығыз байланысты екенін біледі. Балықтардың, былқылдақ денелілердің қозғалысымен танысады. Террариумде қосмекенділер түрлерін, бауырымен жорғалаушылардың мінез құлықтарын, қоректену, бейімделу ерекшеліктерін танып біледі, жыл мезгіліне орай өзгерістерін бақылайды. Аквариумдегі суды уақытылы ауыстырып тұру, балықтарды қоректендіру, қоректердің түрлерін таңдай білу, судың температурасын бақылау, өсімдіктердің, балықтардың жағдайын бақылап тұру. Ауруға шалдыққанын дер кезінде байқап тұру.
Тірі табиғат бұрышындағы әрі тірі организмге жекелей талаптар орындалу керек. Ол талаптар арнайы кітаптарда жазылады, ең алдымен мұқият танысып алу қажет.
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру шарасын мектептегі биолог мұғалімдерімен бірлесе немесе кеңестер сұрап ұйымдастыруға болады.