Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың басында, ғылым мен техниканың дамуы өндіріс орындарының жедел өсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі мен таралуы, және олардың тірі ағзаларға зиянды әсерін жүйелі түрде зерттеу өзекті мәселелер қатарынан орын алды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Еліміздегі ауыр металдармен ластанған аймақтарды қалпына келтіруде фиторемедиация технологиясын іске асыру жолдарын жасау.
Жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер:
-Зертханалық жағдайда ауыр металдардың Қант құмайы өсімдігі Боротала сортының дәнінің өнуіне әсерін зерттеу;
-Зертханалық жағдайда ауыр металдардың Қант құмайы өсімдігі Боротала сортының дәнінің өсуіне әсерін зерттеу;