Мастер класқа қажетті құрал-жабдықтар: 33 дербес компьютер (HP ноутбук, тышқан, қуат көзі), Net желісі, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (теория мен сарамандық тапсырмалар жиынтығы).
Модератор:
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар! Қазіргі оқушылар мен студенттер – негізінен желіге тәуелді буын, себебі барлық ақпаратты электронды түрде алуы қалыпты жағдай болып табылады. Оқушылар жоғарғы технологияларды білімде қолдануды ұнатады, себебі ол – заман талабы. Сондықтан ақпараттық коммуникациялық технологиялар олар үшін негізгі құрал болып кеткен. Электронды оқыту технологиясын (E-learning) биология сабақтарында қолданудың пайдалы жақтары өте көп: