Мастер-класс барысында мысал ретінде биология сабағын жаңашыл түрде өткізу кезінде ICT қолданудың бірнеше әдістері көрсетіліп, үлестірмелі материалда ол жұмыстарды қалай өткізудің жолдары сипатталады.
ҚОСЫМША 1 Электронды дауыс беру – сабақтың бас кезінде, қызығушылықты ояту үшін қолдануға болады.
Бұл әрекетті орындау үшін www.polleverywhere.com сайты қолданылады. Оқушылар берілген тұжырымдамамен келісімдерін дауыс беру арқылы көрсетіп, ол дауыстары он-лайн уақытында пайыздық мөлшермен шығып отырады.