|
|
бет | 68/155 | Дата | 07.04.2022 | өлшемі | 5,97 Mb. | | #30163 |
| Байланысты: УМКД БОӘ каз 3.19 Оқу бағдарламасы: әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге жататын білім, іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
3.20 Оқыту бағыты: белгілі бір білім беру салаларының пәндер топтарын кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.
3.21 Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес оқу пәндерінің тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
3.22 Оқу пәнінің стандарты: білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат. Оқу пәнінің стандарты: пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, жоспарланатын нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу пәні бойынша білім беру үдерісінің технологияларына қойылатын талаптарды, білім беру үдерісін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, білім беру салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|